Қаратөбе ауылдық округінің 2024 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Тұрғындар: 2025 жылдың 1 қантарына 251 аула тіркеліп, халық саны – 944 адамды құрады, Қаратөбе ауылында – 474, Әди ауылында – 206, Кентарлауда – 264 адам. Тұрғындардың көпшілігі 99,3% қазақтар.
Экономикалық белсенді халық саны 402 адам, жалдамалы жұмысшылар – 177 адам, жеке қосалқы шаруашылықта – 210 адам, жұмыс берушілер – 15 адам, мүмкіндігі шектеулі – 32 адам. Ағымдағы жылы тіркелген жұмыссыздар саны – 3 адам, аз қамтылғандар саны – 1отбасы.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
Қаратөбе ауылдық округі бойынша 2024 жылы жиналған салық көлемі – 12 986,5 мың теңге.
Табыс салығы – 1 499,3 мың теңге
Мүлік салығы – 106,7 мың теңге
Жер салығы – 23,6 мың теңге
Жеке тұлғалар үшін көлік салығы – 2 081,5 мың теңге
Бірыңғай жер салығы – 313,7 мың теңге
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін түсімдер – 8 961,7 мың теңге
Табыстың көп бөлігі жер қойнауын пайдаланушылардан жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы болды.
Өткен жыл бойынша көлік салығы берешектер жоқ.
Ауылшаруашылығы бойынша
Бүгінгі күні Қаратөбе ауылдық округі бойынша 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 ауыл-шаруашылык өндірістік кооператив, мал шаруашылықпен айналысатын 30 шаруа қожалығы тіркелген, оларға 61,1 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, оның ішінде 5,3 мың. га егістік жерлер бөлінген.
Мал шаруашылығында 01.01.2025 жылға ірі қара мал басы – 3526 басты, қой мен ешкі – 3792 басты, жылқы басы – 2067 басты құрады.
Қаратөбе ауылдық округінің егіс алқаптарының 2024 жылға арналған жоспарлы құрылымы бойынша арпа – 170 га, көп жылдық шөп 410 га егілді. Бүгінгі күні дәнди дақылды жинау аяқталды, өнімділігі 10 ц/га құрады.
Округте 1 мал қорымы мен 1 биотермиялық шұңқыр бар.
Округ аумағындағы ветеринариялық санитария қауіпсіздікті сақтау арқылы ауыл шаруашылық жануарларының санының тұрақты өсуі, бірдейлендіру, деректер базасына енгізіліп, қадағаланудан басталатыны белгілі. Күзгі жоспарға сәйкес малдардан қан алу, және екпе салынуда.
Иесіз бос жүрген иттер мен мысықтарды оқшаулау жұмыстры келісімшарт негізінде өтінім бойынша Жарма ауданының «Ветеринарлық қызмет» КМК арқылы жүргізіледі.
Өнеркәсіп саласы
Округте геологиялық барлау жұмыстарын «POZITIV.PLUS» ЖШС, «VK-Gold Company» ЖШС, «Kalbatau Inter Gold» ЖШС, «Теньши Tr C» ЖШС, «Eastern Gold» ЖШС, «GOLDSTONE MINERALS» ЖШС. Сонымен қатар «Омбы – Майқапшағай» жолын қайта құру жұмыстарын жүргізетін компанияларының бірі «СиньСин» округ аумағында асфальт-бетон зауыт құрылысы салынып, асфальт, ал «Семей жолдары» компания әртүрлі фракцияда шебень шығаруда
Кәсіпкерлік саласы
Семей қаласы және Қалбатау ауылдарында өткен ауыл шаруашылық жәрменкелерінде тұрғындар және ауыл шаруашылық кәсіпкерлерсиыр, қой, қаз, үйрек етін, және сүт өнімдерін, жем өткізді. Округ аумағында «Омбы –Майқапшағай» жол бойында 2 кафе орналасқан. Бұл кафелерде Кентарлау, Қаратөбе ауылдарының тұрғындары жұмыспен қамтылып отыр. Үш елді мекенде 4 азық-түлік дүкендер халыққа қызмет көрсетеді.
Инвестиция
«Арнұр» және «Кең өлке» шаруа қожалықтары 6 490,0 мың тенгеге ауыл шаруашылық техникасын сатып алды. Ауыл халқының табысын артыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен Д.Қазай 6,4 млн теңге несие алды.
Медицина саласы
Халыққа медициналық көмек көрсету жолында Қаратөбе, Әди, Кентарлау ауылдарында медициналық пунктер жұмыс жасап жатыр. Пункттерде 4 медициналық қызметкер қызмет етеді. Қаратөбе ауылдық округінің үш ауылы және Орта-Булақ ауылына медициналық қызмет жүргізетін санитарлық көлік бар. Тұрғындарды учаскелік дәрігер орталық аудандық ауруханада қабылдайды. Қаратөбе ауылында жаңа медициналық пункті салынып жатыр. Сметалық құны 53 718 658 теңге.
Білім саласы
Округ аумағында бір орта мектеп, 2 негізгі мектеп білім беру үрдісін жүргізеді. Ұстаздар саны – 46,оқушылар саны – 170 бала, тәрбиеленушілер саны – 66 бала.
Мәдениет саласы
Округте Қаратөбе ауылында 90 орын, Әди ауылында 80 орыны бар клубтар және Қаратөбе ауылындағы кітапханасы қызмет көрсетеді. Қаратөбе ауылындағы кітапхананың қоры 7495дананы құрайды, үнемі жаңа кітаптармен толықтырылуда, мерзімді басылымдармен қамтылған. Оқырмандар саны – 622 адам.
Инфрақұрылым
Ауыл ішіндегі жолдардың ұзындығы 32 шақырым, оның 4 шақырымына немесе 12,5% – асфальт төселген, 18 шақырымына немесе 56,2% – қиыршық тас төселген. Жалпы жолдың 28 шақырымы немесе 87,5% – қанағаттанарлық жағдайда, 4 шақырымы немесе 12,5% – қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Қаратөбе ауылы орталықтандырылған сумен қамтылған, Әди және Кеңтарлау ауылдарында блок – модульдік станциялар орнатылған.
Округте 7 көше бар, көше жарықтандыру шамдарының саны 72, олар 3 көшені жарықпен қамтиды, жарықтандыру шығыны мен қалыпты ұстау жұмыстары өзін-өзі басқару қаражатынан төленеді.
Аббатандыру
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде бекітілген жоспар бойынша тақырыптық апталықтар өткізілді. «Таза өлке» апталығының аясында санитарлық тазалау бойынша 16 тонна қоқыс шығарылды, округ тұрғындары әлі де қыстан шыққан қоқыстарды шығарып жатыр. «Киелі мекен» апталығының аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішер, саябақ аумақтары тазаланып, аббатандырылды. «Жасыл аймақ» апталығында округ бойынша 130 тоғай отырғызылды, гүл тұқымдарын салу жоспарлануда. «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында жалғызбасты қарттар аулаларын тазарту мен аббаттандыру жұмыстарын жүргізілді. «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Әди ауылындағы бұлақ қоқыстан тазаланып, көзі ашылды, Әди мен Кеңтарлау ауылдарындағы БМС аумақтарын тазаланып, абаттандырылды.
Әскери қызмет саласы
Округте әскери қызметтен жалтарушылар жоқ.
Қылмыспен қүрес және құқық бұзушылықтың алдын алу
Округ бойынша ауыр қылмыстар тіркелмеген.
Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде ауыл тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жергілік атқарушы орган базасында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған, электрондық мемлекеттік қызметтердің 80-нен астам түрі көрсетіледі, 2024 жылы 1098 мемлекеттык қызмет көрсетілді.