Қарасу ауылдық округінде үш ауыл бар: Кіші Қарасу, Қоңырбиік және Асқаралы. 01.01.2024 жылға халық саны-736 адам. "Ауданның елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу туралы қаулыны орындау мақсатында арнайы комиссия құрылып, барлық ауылдарда тазалау жұмыстары жүргізілді. Округте қоқыстарды шығару және бұзылатын үйлерді жинау жұмыстары жүргізілді. Көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, 300 (үш жүз) Петуния гүлі отырғызылды, орталық көшелерге ағымдағы жөндеу және жарықтандыру жүргізілді. Округте 66 шаруа қожалығы, 5 ЖШС тіркелген. Біздің ауылдың негізгі саласы-Мал шаруашылығы. Жалпы мал басы: ІҚМ-11960 бас, ұсақ мал-47158, жылқы-5122 бас. Округте 4 ветеринарлық дәрігер жұмыс істейді. Ветеринариялық жұмыстар жоспар бойынша орындалады. Жыл басынан бері 26 бас ірі қара сарып ауруына оң нәтиже берді. Оң нәтиже көрсеткен ірі қара оқшауланып, жойылды. Қан алу жоспар бойынша жүргізіледі. Округте 2 мектеп жұмыс істейді: Қарасу орта мектебі және Қоңырбек негізгі мектебі. Штаттық кестеге сәйкес Қарасу ОМ жұмысшылар саны-34 адам, Қоңырбиік ОМ-21 адам.
тел: 8(723 47) 40-568


Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған
