GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Қызметі
Все материалы
26 января 2026
Құқықтық кабинет қызметі

Қалбатау ауылдық округі әкімшілігінде құқықтық кабинет қызмет көрсетуді бастады. Ауыл тұрғындары құқықтық мәселелер бойынша кеңес алады. Қосымша ақпарат алу үшін ауылдық округ әкімшілігіне хабарласуыңызды немесе әкімшілікке келіп кеңес сұрай аласыздар.

20 января 2026
Тазалық - халықтың ортақ міндеті

Қалбатау ауылдық округі әкімі К.Рахимжанов елді мекеннің санитарлық тазалығын сақтау мәселелері бойынша жиналыс өткізді. Жиналыс барысында ауыл аумағын таза ұстау, қоқысты белгіленген орындарға шығару, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Өткізілген жиналыс қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге бақылауды күшейту және тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу тапсырылды.

17 октября 2025
Қазақстанда 25,9 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 25,9 млн тонна астық бастырылды. Егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,5 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 96,8%-ы жиналды. Нәтижесінде 25,9 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

17 октября 2025
2025 жылы қазақстандықтарға 631 млрд теңгеден астам бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді

2025 жылы қазақстандықтарға 631 млрд теңгеден астам бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан, баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 631,2 млрд теңгеге 475,2 мың адам қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10 октября 2025
"Өнер ескірмейді, есте қалады" атты ардагерлер арасындағы аудандық сайысы

"Өнер ескірмейді, есте қалады" атты ардагерлер арасында өткен аудандық сайыста "Қалбатау округінің" тобы 1-ші орын иеленіп, ардагерлеріміз округ әкімі Рахимжанов Канат Сериковичтің мадақтамасымен марапатталды. 

07 октября 2025
Ауезов көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары

Бүгінгі күні Қалбатау ауылындағы Ауезов көшесінде мердігер ұйым - “Жарма тас жолы” ЖШС жоспарға сәйкес асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуде.

30 сентября 2025
Күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкесі - 2025

2025 жылдың 27 қыркүйек күні Абай облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылының муниципалды базарында Қалбатау, Божығұр, Ақжал округтері бойынша “Күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкесі” өткізілді.

30 сентября 2025
Қапай батыр ауылының тұрғындарымен құқықбұзушылыққа қатысты отырыс

Бүгін, яғни 25 қыркүйек күні Қалбатау ауылдық округі әкімшілігінің бастамасымен Қапай батыр ауыл тұрғындарымен құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселесіне қатысты жиналыс өткізілді. Жиынға округ әкімі Рахимжанов Канат Серикович, Жарма АПБ бастығы полиция подполковнигі Райстанов Даулет Далелханұлы, Жарма АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құнанбаев Даркан Маратұлы, Жарма аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ақан Талғат Жұмағазыұлы қатысты. Аталған жиында малдарды чиптеу, сырғалау, уақытында қан алдыру шараларын жүргізу қажеттілігі, жылқылардың жол бойына шығуы салдарынан жол-көлік апаттарының жиі орын алуы, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында мал иелерінің жауапкершілігін арттыру мәселелері қозғалды.

14 сентября 2025
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. 

Құрметті, Қалбатау ауылының тұрғындары, қоршаған ортаны таза ұстау - бәріміздің қолымызда!!!

06 августа 2025
"Таза Қазақстан" акциясы - гүлдерді күтіп ұстау жұмыстары

Қалбатау ауылында "Таза Қазақстан" акциясы аясында гүлдерді күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы