Меню

Страницы

Статья

2025 жылға арналған ағымдағы жөндеу жұмыстары

Қалбатау ауылында автотұрақ және жаяу жүргіншілер жолағын орнату жұмыстары бойынша ағымдағы жылдың жобалық сметалық құжаттары толығымен дайындалып, ведомстволық сараптама өткізілді. Жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айының 15-іне дейін мемлекеттік сатып алу порталында жарияланады.

Ағымдағы жылы шілде айында жоспарға сәйкес Ауезов көшесінің ұзындығы 1590 м, Искаков көшесінің ұзындығы 900 м, Мұстанбаев көшесінің ұзындығы 1590 м орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда аталған көшелерге ведомтсволық сараптама жүргізу қызметтері атқарылуда.

Сондай-ақ Қалбатау ауылдық округі елді мекендеріндегі көктемгі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Kazboat-42П маркалы моторлы қайығы сатып алынып, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің теңгеріміне өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Қалбатау ауылдық округі әкімшілігінің теңгеріміндегі бос қалған Едіге кемпингі мен Мұсылманқұлов көшесі бойындағы ғимараттардың барлық қажетті құжаттары әзірленіп, бүгінгі таңда бұзу үшін бағалау жұмыстары мемлекеттік сатып алу порталында жүргізілуде.

Қалбатау ауылындағы Боранбай би көшесіндегі ағымды жөндеу жұмыстары, асфальт жабындысы бар көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мамыр айына жоспарлануда.

Қалбатау ауылы орталық саябағында, Достық көшесі бойындағы шағын саябақтарға, Мәңгілік Ел монументі және де мемлекеттік мекемелердің алдына гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары мамыр айына жоспарлануда.

Қалбатау ауылындағы «Даңқ аллеясына» ағымды жөндеу жұмыстары мамыр айында толығымен жүргізіледі.

 

Дата публикации
12 мая 2025
Дата обновления
12 мая 2025
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
01 июня 2025
Қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толған азаматтардың қамқоршыларына арналған цифрлық құжат
12 мая 2025
Округ тұрғындары мен қонақтарының назарына!
12 мая 2025
Мәдениет және спорт саласы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы