Меню

Страницы

Статья

Ақпарат

 

               Қалбатау ауылдық округіне тиесілі елді мекендердің көшелерінің автокөлік жолының қыс мезгілінде қалыпта ұстау жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджеттен 3192,0 қаражат бөлінді, мердігер «Жарма су» КМК.

             Қалбатау ауылы бойынша барлығы 7870 м куб қар шығарылды. Жергілікті бюджеттен 2744,0 қаражат бөлінді, мердігер «Жарма су» КМК.

             Ағымдағы жылы көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары жүргізілді. Қыс мезгілінде Шар су қоймасында жиналған 28 млн куб суды ағыздырып қойма босатылды. Осы жұмыстарды уақытында жүргізуіне байланысты көктемгі су тасқыны кезіңде ауылды су басу қауіпі болмады. Қалбатау ауылдық окрігінің ауылдарында су ағарлар мен су құбырлары алдын ала тазаланды. Көктемгі су тасқыны кезіңде көше бойында су ағарлар жасалды. Осы жұмыстарға «Жарма Құрлыс Газ» ЖШС, «Жарма су» КМК және Орман шаруашылығы мекемелерінің техникалары мен ұжымы белсенді ат салысты. Қосымша 600 дана қаптар инертті материалмен қапталып, қауіпті жерлерге пайдаланылды.

         Қапай батыр ауылындағы қатты қалдықтар төгуге арналған полигондағы қоқыстарды тазалау, алдын лайықты қалыпқа келтіру және Қалбатау ауылыңдағы қатты қалдықтарды тиеу шығару жұмыстары  үшін   жергілікті бюджеттен 5100,0 мың теңге бөлінді, мердігер жеке кәсіпкер «Айман». Жеке кәсіпкер КМК«Жарма су» мен келісім-шарт жасап, жұмыстар  толығымен жүргізілді.

              Қалбатау ауылында орналасқан бағдаршамдарды жөндеу қалыпта ұстау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1138,0 қаражат бөлініп, жұмыстар  толығымен жүргізілді. Мердігер жеке кәсіпкер «R-Service».

             Қалбатау ауылында орналасқан бейнебақылау камераларын жөндеу қалыпта ұстау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1120,0 қаражат бөлініп, жұмыстар  толығымен жүргізілді. Мердігер жеке кәсіпкер «Дюсупова».

             Қалбатау ауылының көше жарықтандыру жүйесін қалыпта ұстау жұмыстарына 2997,0 мың теңге қаражат жергілікті бюджеттен жұмсалып, істен шыққан басқару шкафтарынын құрылғыларын, майысқан бағандарды ауыстыру, жарықтандыру шамдарын және үзілген сымдарды қалыпқа келтіру жұмыстары  толығымен жүргізілді. (Мердігер жеке кәсіпкер «Жанел»).

          Орталық саябақты қалыпта ұстау жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 7277,0 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар толығымен жүргізілді. Мердігер ОО «INVA MUSLIM». Шымкент қаласы.

                 Қалбатау ауылының темір жарықтандыру бағандарын бояу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 830,0 қаражат бөлініп, жұмыстар толығымен жүргізілген жоқ. Мердігер жеке кәсіпкер «BILISBEK». Келісім шарт бойынша барлығы 518 жарықтандыру бағандарына бояу жұмыстарын жүргізу керек, бағандарды бояу жұмыстары басталып, толық аяқталған жоқ. Сондықтан мердігерді 2024 жылдын 4 қазан күні экономикалық сотқа берілді.

               Қалбатау ауылының Қалматаева, Нуршаихова, Искакова және Ауэзова көшелерінің жарықтандыру шамдарын электроүнемдегіш (LED) шамдарға ауыстырылды. Жергілікті бюджеттен 3500,0 қаражат бөлінді, мердігер жеке кәсіпкер «TRIADA-S». Өскемен қаласы. Мердігерге 1 жыл кепілдік бойынша істен шыққан шамдарды ауыстыру бойынша хат жолданды.

              Орталық саябақ, орталық алаң, Достық көшесінің бойындағы саябақтардың және мекемелердің алдына гүлзарлар отырғызу және күтіп, суғару үшін жергілікті бюджеттен 7660,0 қаражат бөлініп, жұмыстар  толығымен жүргізілді. Мердігер «Зайсан ауданының мүгедектер ұйымы» қоғамдық бірлестігі.

        Қалбатау ауылдық округіне тиесілі елді мекендердің көшелерінің автокөлік жолының беткі қабатын қыру (грейдеровка) жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7450,0 мың теңге бөлініп, мердігер жеке кәсіпкер «Алтай Энерго». Жеке кәсіпкер КМК «Жарма су» мен келісім-шарт жасап, жұмыстар  толығымен жүргізілді.

         Қапай батыр ауылындағы қатты қалдықтар төгуге арналған полигонды қалыпта ұстау жұмыстары толығымен жүргізілді. Мердігер "Жарма СУ" КММ. Жергілікті бюджеттен 2 678,0 мың теңге бөлінді.

         Қалбатау ауылдық округі,  Қапай батыр ауылында орналасқан полигонға дейінге ұзындығы 1,7 шақырым жолдың екі тұсынан әр жағынан кемінде 7 метр болатын аралықтағы қоқыс үйінділерін полиганға дейін шығару, итеру жұмыстары жүргізілді. Мердігер "Исабаев С.Б." жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жергілікті бюджеттен 892,0 мың теңге бөлінді.

         Қалбатау ауылындағы шағын футбол алаңдарын, балалар ойын алаңдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер ЖК "Сулейменов Р.Ж". Жергілікті бюджеттен 2 471,5 мың теңге бөлінді.   

         Қалбатау ауылының көшелерін ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер ТОО "ДОРРЕМСЛУЖБА-2" . Жергілікті бюджеттен 14 449,0 мың теңге бөлінді.

            Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамассыз ету мақсатында қажетті техникалар жалдап алынып, мемлекеттік және жеке мекемелердің аймақтары, қоғамдық пайдалану орындары қалыпқа келтіріліп, ұйымдастырылмаған қоқыс орындары тазартылды. Екі айлық сенбілік кезінде барлығы 425 м.куб қоқыс шығарылды.

             Қалбатау ауылының Шар өзенін арнасын ағаштан тазарту жұмыстары  толығымен жүргізілді. «Жарма Су» КМК. Бөлінген қаражат 2 925, 0 мың тенге. 

          Қыс мезгілінде екінші жартыжылдықта жолдарды қардан  тазарту жұмыстарына 8 736, 0 мың тенге бөлінді, мердігер "Исабаев С.Б." жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жұмыстар толығымен жүргізілді.

           Қалбатау және Қапай батыр ауылдарында тасқынға қарсы оқпан мен арық арнасын тазалау жұмыстарына 1 300,0 мың тенге бөлінді, мердігер «Жарма құрлыс Газ» ЖШС.

             Округтегі елді мекендердін тазалығын қалыпқа келтіру мақсатында көшелердегі күнделікті қоқыстарды жинау және басқа да абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

           Қазіргі таңда ағымдағы жолдарды күтіп ұстау және де жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Салық 2024 жылдың 12 айы бойынша ақпарат

             Қалбатау ауылдық округі бойынша жергілікті салық 2024 жылға 141 971,0  мың теңге жоспарланған, орындалғаны 140 411,4  мың  теңгеге,  немесе 98,9 % пайызды құрап отыр. Оның ішінде жеке тұлғалардың мүлік салығының жоспары 2 350,0 мың теңге, орындалғаны  2 033,6  мың теңге, немесе 86,5% пайызды құрап отыр. Жеке табыс салығының жоспары 70 471,0  мың теңге, орындалғаны  80 495,1  мың теңге, немесе  114,2 % пайызды құрап отыр. Заңды тұлғалардың көлік салығының жоспары 2 880,0 мың теңге, орындалғаны 3011,6 мың теңге  немесе 104,6 % пайызды құрады. Жеке тұлғалардың көлік салығының жоспары  28 700,0 мың теңге, орындалғаны 38 253,4 немесе 133,3 % пайызды құрады. Жалға берілген мүлік табысының жоспары 900,0  мың теңге, орындалғаны 854,4  мың теңгені немесе 94,9 % пайызды құрады. Жерді сатудан түсетін түсімдердің жоспары 3 560,0 мың теңге, орындалғаны 1430,2  мың теңгеге, немесе 40,1 % пайызды құрап отыр. Ішкі салықтардың жоспары 32 820 ,0 мың  теңге, орындалғаны 9 887,9   мың теңгеге, немесе 30,1% пайызды құрап отыр.

2025 жылға жоспарланған жұмыстар:

  • Ағымдағы жолды жөндеу жұмыстары
  • Жолдарды күтіп ұстау жұмыстары
  • Георгиевка орта мектебінің жанында тротуар мен автотұрақ жасау жоспарланып сметалық құжаттар дайындалды. Сонымен қатар Маяковский және Абай мектептерінің жанына автотұрақ орындарын белгілеп қарастыру жұмыстары
  • Қалбатау ауылының Шарипов, Абдрахманқызы, Әділбаев, Теряев, Саякова, Искакова көшелеріне жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде
  • Көше жарықтандыру жүйесін қалыпта ұстау
  • Қатты қалдықтар полигонын қалыпта ұстау жұмыстары
  • Қалбатау ауылы бойынша қатты қалдықтарды төгуге арналған контейнерлердің орындарын бекіту-белгілеу

 

Дата публикации
09 января 2025
Дата обновления
09 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 июня 2025
Қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толған азаматтардың қамқоршыларына арналған цифрлық құжат
Бағыттар
12 мая 2025
2025 жылға арналған ағымдағы жөндеу жұмыстары
Бағыттар
12 мая 2025
Халықты әлеуметтік қорғау саласы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы