Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық — бұл кез келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және барынша азайту болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктер заңсыз алынады, оның нәтижесінде қоғам мүдделеріне нұқсан келтіріледі және мемлекеттік биліктің беделі төмендейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;
     

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы орталық атқарушы орган; оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері;

Егер Сізге пара ұсынса немесе Сізден параны қорқытып алса!

Парақорлық бұл сыбайлас жемқорлық көріністің кең тараған және қаупті түрі. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде парақорлықпен байланысты үш қылмыс түрі қарастырылған:

- пара алу (366-бап);

- пара беру (367-бап);

- парақорлыққа делдал болу (368-бап).

Егер пара туралы айтатын болсақ, бұл бір жақта оны алушы бар (пара алушы) және екінші жақта оны беруші бар (пара беруші) болады.

Парақорлыққа делдал болуы да мүмкін.

Пара алу – бұл ең қауіпті лауазымды қылмыстардың бірі, әсіресе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қорқытып алу жолдарымен жасалса, лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нәтижесі бойынша артықшылық алуы және пайдасына жасалуы табылады.

Пара беру – лауазымды адамды қандайда бір артықшылық алуы және пайдасына заңды немесе заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) арқылы, жалпы қамқорлығына немесе қызметіне жол берушілікке бейімдеуге бағытталған қылмыс.

Парақорлыққа делдал болу – яғни пара алушыға және пара берушіге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізу немесе оны іске асыруға ықпал ету.

Дата публикации
26 ноября 2024
Дата обновления
21 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 июня 2025
Қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толған азаматтардың қамқоршыларына арналған цифрлық құжат
Бағыттар
12 мая 2025
2025 жылға арналған ағымдағы жөндеу жұмыстары
Бағыттар
12 мая 2025
Халықты әлеуметтік қорғау саласы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы