Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Округ бойынша 2025 жылы мамыр айына дейін әр түрлі санатта 121 өкім қабылданды. Оның ішінде жер телімін жалға алу - 28, жер телімін жеке меншікке беруге - 4, жер телімінің жеке меншікке сатып беру туралы - 4, жер телмін нысаналы мақсатын өзгерту - 6, жерді мемлекет меншігіне қайтару - 10, ақылы қоғамдық жұмысқа қабылдау - 5, жиыны - 57 өкім. Округ ішінде әр түрлі санатта 64 өкім қабылданды.

"Е-қызмет" - Бұл электрондық ақпараттық жүйе, Мемлекеттік қызмет персоналын басқару мен автоматтандырудың бірыңғай жүйесіне көшу процесі. "Е-Қызмет" жүйесінің жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне әлемдік практикаға сәйкес персоналды басқаруды жүзеге асыруға, өнімділікті арттыруға және ақпарат алуға кететін уақыт пен еңбек шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. 

"Е-қызмет" жүйесін іске қосу үшін еліміздің барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері туралы мәліметтер базасы жинақталған. Оның ішінде, осы жүйе арқылы мемлекеттік қызметшілердің дербес деректері, ұйымдастырушылық қабілеттері, кәсіби және жеке құзыреттері, білімі, біліктілігі, жұмыс өтілі, кәсіби тәжірибесі, бағалау және аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтер пайдаланылады; мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, оқыту, курстардың мерзімдері мен тақырыптары, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, тіпті мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы Құқық қорғау органдарының мәліметтерін алуға болады.

Бүгінгі таңда "Абай облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде 10 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.

"Е-өтініш" - азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған ақпараттық жүйе. Бұл жүйе "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында құрылған. Өтінішті үйден шықпай-ақ беруге болады. Барлық жұмыс процестерін цифрландыру мемлекеттік органдардың құзыреті бойынша өтініштердің бағытын автоматты түрде айқындайды.

Қазіргі уақытта "Е-өтініш" бағдарламасымен мемлекеттік қызметін алуға түскен өтініштер саны - 12, заңды тұлғадан - 7 өтініш, жеке тұлғадан - 5 өтініш. Жауаптары уақтылы берілді.

"Е-лицензиялау" порталы арқылы қызметтерді алу, ескертулерді көрсету, жіберу және порталды құру тәртібі авторлық белгі сатысынан Шығыс (қорытынды) құжатты алу сатысына дейін "Е-лицензиялау" Мемлекеттік Деректер базасының ақпараттық жүйесінің сыртқы порталын пайдалану тәртібімен көрсетілген және осы порталға кірген кезде Пайдаланушы бірден көре алады.    

Сыртқы порталды пайдалануды бастамас бұрын Пайдаланушы Интернетке қол жеткізуі және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтінің (сертификатының) көмегімен "Е-лицензияның" Мемлекеттік Деректер базасының ақпараттық жүйесінің сыртқы порталында тіркеуден өтуі қажет. Сертификатты қалалық және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО) алуға болады.

"Е-лицензия" бағдарламасымен мемлекеттік қызметін алуға түскен өтініштер саны - 11.

 

 

Документы
Ақпарат
01 июня 2025
Абай облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округі әкімінің аппараты
Қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толған азаматтардың қамқоршыларына арналған цифрлық құжат
Ақпарат
12 мая 2025
Қалбатау округі бойынша 2025 жылдың наурыз айына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдамалық жазба
Новости
Полезные материалы
Қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толған азаматтардың қамқоршыларына арналған цифрлық құжат
Мемлекеттік қызметтер
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Шетелдік БАҚ Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәжірибесімен танысты
Перейти
Қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толған азаматтардың қамқоршыларына арналған цифрлық құжат
Перейти
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы