
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық округ әкімі аппаратының тиімді қызметінің көрсеткіштерін арттыру, мамандардың жұмыс сапасын бағалау. Округ әкімінің және әкім аппараты қызметкерлерінің қызметін ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету. Жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру. Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің мониторингі.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, тиімділігін арттыру арқылы басқару жүйесін жетілдіру; азаматтардың өтініштерін қарау; есептеу техникасына жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; ақпараттық байланысты қолдау. Қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімі мен дағдыларын жаңарту және тереңдету.