
2025 жылға округте 42 шаруа қожалығы бар, оның ішінде 9 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 1 әлеуметтік кәсіпкерлік корпарация (СПК) қосымша жұмыс жасап жатыр.
2025 жылдың қаңтар айында:
«АГРОБИЗНЕС - 2020 » бағдарламасы бойынша 4 бағыт көзделген. Соның 2 бағыты мал шаруашылығы және техника сатып алу бойынша тартылған инвестиция. 2025 жылдың 1 маусымында инвестиция 11 210 000 мың теңге тартылды. Айта кетсек:
«Еркежан» шаруа қожалығы – 7 410 000 мыңға ауылшаруашылық техникасын, «Аслан» шаруа қожалығы 2 000 000-ға асыл тұқымды 2 бас бұқа және «Нұрдәулет» шаруа қожалығы 1 800 000 мыңға асыл тұқымды 4 бас мал сатып алды.
2025 жылы мамыр айына дейін Қалбатау ауылдық округі бойынша барлығы 133 қаңғыбас, иесіз, бос жүрген иттер оқшауланды.
Округ бойынша егін шаруашылығымен 6 шаруа қожалық, 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 әлеуметтік кәсіпкерлік корпарация (СПК) егістікпен айналысады.
2025 жылы жалпы егістік алқабы - 4329 га, оның ішінде – 3370 га егістік жер игеріліп, дәнді дақылдар тұқымы себу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қырыққабат, қияр, қарбыз егілуге жоспарда тұр. 12 га жерге жыртылып картоп егу жоспарлануда.
Қалбатау ауылдық округінің катысуымен Калбатау, Семей қалаларында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтті.
Қалбатау ауылдық округі аумағының жалпы көлемі 124047 гектар, оның ішінде егістік 4329 га, жайлым жерлері 66 421 га.
Округтегі ауыл шаруашылық кітабы бойынша бүгінгі күні 2815 үй бар, оның 991 мал ұстайды. Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округі бойынша елді мекен тұрғындарының малдарын маусымдық жайлым жерлері бойынша Қалбатау әкімшілігімен барлығы 6 табын ұйымдастырылған, оның ішінде 4 табын Қалбатау ауылында, 1 табын Қапай Батыр ауылында және 1 табын Ортабұлақ ауылында ұйымдастырылған. 4 табынға бақташы бекітіліп, 2 табынға кезекпен бағу ұйымдастырылды. Тұрғындардың жеке меншік малдарының дұрыс бағылып, бақташылардың өз міндеттерін толық орындауы «Қалбатау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан қадағалайтын маман бекітілді және де әкімшілік пен бақташылар арасында келісім шарт жасалды. Шартта көрсетілген міндеттеріне сәйкес ірі қара малдары күнделікті өріске шығарылуда. Сонымен қатар ауылдын жайлымына сауынды сиырлар ғана қалады қалған бойдақ ірі қара малдары ауылдан шалғай жатқан жайлауларға 8 табын қоспа ұйымдастырылып жіберілді.