
Қазіргі таңда Абай облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылында 4 жалпы білім беру мектептері бар. Оның ішінде орта мектептер саны – 3:
Және Қапай батыр ауылында мектеп саны - 1:
«Георгиевка орта мектебі»-ауданымыздың ең ірі білім ордалардың бірі. Ескі ғимарат өткен ғасырдың 20 жылдары Ұлы Отан соғысына дейін бастауыш мектеп болып ашылған. Оның меңгерушісі Попова Клавдия Георгиевна болған. 1964 жылы сегіз жылдық мектеп болып ауысып оны Иванова Ираида Григорьевна басқарды. 1968 жылы Ираида Иванованың аудандық коммунистік партия жұмысына ауысуына байланысты мектеп директоры болып Н.А Кестель, кейін Борисова А.Н. тағайындалды. 1975 жылы аудан орталығында оқушылар мен мұғалімдер үшін жаңа мектеп ғимаратының есігі айқара ашылды. Бұл игі бастамаға мұрындық болған сол кездегі «Расцвет» колхозының төрағасы Гончаров Николай Никифорович еді. Мектеп осы аталған ұжымның қаражатына салынды. Мектеп оқушылары да бұл құрылысқа өз көмектерін берді. Сол жылы 640 оқушы мектеп табалдырығын аттады. 1978 жылы мектеп БЖХК қатысып қола медальмен марапатталды. Әскери-патриоттық тәрбие жетістітері үшін В.И. Ленин атындаға бүкілодақтық пионерлер ұйымының алғыс хатымен мараптталды. Мектептің Олег Кошевой атындағы пионерлер ұйымы алдыңғы қатарлы ұйым болды. Мектеп директоры болып Калинкин Николай Михайлович тағайындалды. 1980-1984 жылдары мектеп директоры қызметін Соммер Виктор Федорович атқарды. 1984-1985 жылдары мектеп директоры Федотова Анна Михайловна, 1985-1994 жылдары Ульрих Александр Адамович болды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғаннан кейін, Александр Адамовичтің бастауымен мектептің ғимараты кеңейтіліп, 1991 жылы қазақ сыныптары ашылды. 1994-2009 жылдары мектеп директоры қызметін Сарсенбаева Рәзия Сұлтановна атқарды.
2009-2010 оқу жылында мектеп директоры болып Шаймуратов Канат Рымханович тағайындалды;
2016-2017 оқу жылында мектеп директоры болып Даутова Алия Жасулановна тағайындалды;
2024-2025 оқу жылында мектеп директоры болып Садыкова Найля Мерекеновна сайланды.
«Абай атындағы мектеп-гимназия» 1928-1929 оқу жылында жұмысшы жастар мектебі болып құрылды. 1938 жылдан бастап Абай атына ие болып, 2006 жылы «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ атағы берілді. 95 жылға жуық жас ұрпақты сапалы білім мен саналы тәрбиеге сусындатқан алтын ұя – 2006 жылы «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия» статусына ие болды. Бүгінгі таңда 407 оқушы, 23 сынып комплектісі, 65 ұстазы бар аталмыш білім ордасын жоғары санатты, білікті басшы –Матанова Алма Секеновна 2022 жылдан бері басқарып келеді.
1955 жылы қазіргі Васильковка негізгі мектебі орыс тілінде 4 кластық бастауыш мектеп болып ашылған. Ары қарай оқушылар білімдерін Георгиевка 8 жылдық орыс мектебінде жалғастырған.
1993 жылы мектепте қазақ сыныптары ашылды. Бастауыш білімді меңгеріп, оқушыларымыз Георгиевка ауылының (қазіргі Қалбатау) Георгиевка орта мектебінде білімдерін жалғастырған.
2003 жылы бала саны көбейгеннен кейін мектеп үлкейіп, негізгі мектеп атанды.