GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
13 мая 2025
Жарма ауданы әкімі Н.Борсукбаевтың халықпен кездесуі

12.05.2025 ж Жарма ауданы әкімі Н.Борсукбаевтың елді мекендерде көшпелі кездесулерін өткізу бойынша Бірлікшіл ауылдық округінің мектеп ғимаратында тұрғындар өкілдерінің жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында округ әкімі Д.Келенов атқарылған жұмыстар жайлы есеп беріп, бірқатар мәселелер қарастырылған. Аудан әкімі Борсукбаев Н.М халықпен кездесу барысында мектеп ауласына шырша отырғызды.

04 мая 2025
25 Сәуір ағаш отырғызу

🌱 Табиғатты аялау – ортақ міндет!
🌱 Забота о природе — общее дело!

Осы күні округ тұрғындары бірігіп, көшелер мен қоғамдық орындарға жасыл көшеттер отырғызды. Балалардан бастап қарттарға дейін бәрі атсалысып, ауылдың көркеюіне үлес қосты.
В этот день жители округа дружно вышли сажать деревья на улицах и в общественных местах. От малышей до пожилых — каждый внёс свой вклад в озеленение родного села.

🌳 Жалпы саны ___ түп ағаш отырғызылды — бұл тек бүгіннің емес, болашақ ұрпақтың да игілігі!
🌳 Всего было посажено ___ деревьев — это вклад не только в настоящее, но и в будущее поколение!

Мұндай іс-шаралар туған жерге деген сүйіспеншілік пен бірліктің белгісі.
Такие акции — это символ любви к родной земле и единства.

Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! 🌍
Огромное спасибо всем участникам! 🌍

#БирликшилАуылОкругі #АғашОтырғызуКүні #ЖасылБолашақ
#БирликшильскийОкруг #ДеньПосадкиДеревьев #ЗелёноеБудущее

27 марта 2024
Абай облысының кадрлық комиссиясы Абай облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Абай облысының кадрлық комиссиясы Абай облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
  • жоғары білімі болуы;
  • үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

 

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

7) экология.

 Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар abai@onir.pkrezerv.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Семей қаласы, Аймауытова көшесі, 143А, 2 қабат, 208 кабинет.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді. 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында abai.onir.rezerv.kz, elgeqyzmet.abai    және келесі телефондар арқылы: 8 (7222) 35-41-62 немесе 8 (7222) 35-41-72   алуға болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы