Мал басының тұрақты дамуы, оның эпизоотологиялық тазалығын сақтау, барлық мал басын бірдейлендіріп, компьютерлік базаға енгізіліп, қадағаланудан басталатыны белгілі. Осы бағытта округте ірі қара100%, қой- ешкі 100% мал басы сырғаланды және жылқы басы 100% чиптеліп, таңбаланып компьютерлік базаға енгізілді. Барлық жұқпалы мал ауруларына қарсы жоспарланған іс шаралар /вакцинациялар/ жоспар бойынша орындалып жатыр.