
Жарма ауданы әкімдігінің
2022 жылғы_______________
№______ қаулысымен бекітілді
Абай облысы, Жарма ауданы
«Бірлікшіл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1.Абай облысы, Жарма ауданы «Бірлікшіл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – әкімнің аппараты) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2.Әкімнің аппаратында ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
3.Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзгеде нормативтік құқықтық актілеріне, сондай – ақ, осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
4.Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртанбалары белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5.Әкімнің аппараты азаматтық – құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6.Әкімнің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес уәкілеттік берген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7.Әкімнің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды .
9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Жарма ауданы, Бірлікшіл ауылдық округі, Сұлусары ауылы, Достық көшесі, 34 үй. Индекс 070615.
10.Осы ереже әкімнің аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11.Әкімнің аппараты қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12.Әкімнің аппараты кәсіпкерлік субъектілермен әкімнің аппараты өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық- қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер әкімнің аппараты заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттері
13.Мақсаттары:
Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-кұқықтық,
материалдық-техникалық камтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар
мәселелерді шешу.
1) құқықтары:
Мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
Мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
Мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
Шарттар, келісімдер жасасуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
2) міндеттері:
Қолданыстағы заңнамасына сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан облыстық маңызы бар қала әкімінің және әкімдігінің, округтің әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
Қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Жергілікті қоғамдастық жиынын, қала, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналыстың шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және округ әкімі мақұлданған шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудандық мәслихатына округтің бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
жергілікті өзін – өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін – өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субьектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
мүлкі округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін – өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
жергілікті өзін – өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, округтің меншік (жергілікті өзін – өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін–өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемеледі сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
мүлкі округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін – өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;
Округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
Өз құзіреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру обьектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру обьектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасауды және сатып алу-сату шарттары талаптарын сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Мүлкі округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін – өзі басқарудың меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзін шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлу жүзеге асырады;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүлікті жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
Аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда иеліктен шығаруғанемесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
Мүлкі округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін–өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландыратын жұмыстарының көрсетілетін қызметтерінің міндетті көлемін айқындайды;
Мүлкі округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін–өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
Қазақстан Республикасының Заңнамасында берілген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттері
16.Әкімнің аппаратын басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол әкімнің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17.Әкімнің аппаратының бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18.Әкімнің өкілеттері:
Әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
Жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Бюджет қаражатын үнемдеудің және немесе Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
Мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
Округтің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.
Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі.
19.Әкімнің аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығын оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз
қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда)
және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
көздер есебінен қалыптастырылады.
20.Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.
21.Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып
алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.