“Таза Қазақстан” акциясы аясында клуб және әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік өткізіліп, маңызы бар “Омбы-Майқапшағай” республикалық трасса маңайы қоқыстан тазаланды.
“Таза Қазақстан” акциясына орай Бірлік ауылдық округінің кіре беріс бағандары мен атаулары жаңартылып , боялды. Сол маңайға тазарту жұмыстары жүргізілді. Ауылымыз көркейіп , гүлдене берсін!
"Өнегелі ұрпақ" акциясына орай-ауылымыздағы қарт ұстаз Сембигалиева Алтынжамал апайымызға “Тимуршылар” көмек көрсетті.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!
20 - сәуір күні Жарма әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен “Маусымашар-2024” фестивалінің жайдарман ойынында Бірлік орта мектебінің командасы финалға жолдама алды.
“Үздік ойыншы” номинациясын Дәулет Ернар жеңіп алды.
Оқушыларға сәттілік тілейміз!!!
Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді
– Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым. Сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Әрине, қазір бұл шарадан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады, – деді Президент.
➤ Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органға су тасқыны салдарынан сабақ алуы керек екенін айтты.
– Бізде мұндай апаттарды алдын ала ескерту жүйесі жетіспейді. Қажетті мамандар да тапшы. Қазір гидротехник кадрларды даярлау туралы шұғыл шешім қабылданды, – деді Мемлекет басшысы.
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
"Белогорское" ЖШС "Қазақстан Республикасының Абай облысындағы Шар ультрабазит белдеуі шегіндегі учаскелерде никель кендерін барлаудың 3 жылға арналған жоспарына" (29.10.2015 ж. №4708-ТПИ келісімшарты) Ықтимал әсерлер туралы есеп жоба материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Учаскенің географиялық координаттары: 49°32′13″с.е., 81°25′05″ш.б.
Әсер ету аумағының географиялық координаттары: 49°34'16.77"с.е., 81°24'7.97"ш.б.
Қоғамдық тыңдаулар өтеді:
2024 жылғы 23 сәуір сағат 12:00-де. Мекен-жайы: Абай облысы, Жарма ауданы, Бірлік а.о., Бірлік а., Әлжанов к-сі, 26.
2024 жылғы 23 сәуір сағат 16:00-де. Мекен-жайы: Абай облысы, Жарма ауданы, Бірлікшіл а.о., Сұлусары ауылы, Достық көшесі, 34.
2024 жылғы 24 сәуірде сағат 12:00-де. Мекен-жайы: Абай облысы, Жарма ауданы, Божығұр а.о., Салқынтөбе а., Алтынсарин к-сі, 10.
2024 жылғы 24 сәуірде сағат 16:00-де. Мекен-жайы: Абай облысы, Жарма ауданы, Шалабай а.о., Шалабай а., Ж. Масалим к-сі, 13.
Қатысушыларды тіркеу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүргізіледі.
ZOOM платформасында онлайн режимінде тыңдауларға қатысу үшін:
https://us04web.zoom.us/j/2324955975?pwd=QXBhZVNGUW9KM0JJdVJYRytiWHZ2UT09
Бастамашы: «Белогорское» ЖШС, заң.мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Алмалы ауданы, Төле би к-сі, 63. Тел.: +7 (7270) 331-77-07. БСН 160540026865.
Құжаттаманы әзірлеуші: «НПК Экоресурс» ЖШС, заң.мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 119, каб. 317, тел. 8(7142)504572. БСН 111240005489.
Жоба бойынша құжаттама БЭП-те орналастырылған https://ecoportal.kz және ЖАО сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-tabigat/press/news/1?lang=ru, "Қоғамдық тыңдау" бөлімінде.
Көзделіп отырған қызмет туралы ақпарат алуға және құжаттардың көшірмесімен танысуға болатын электрондық мекенжайы мен телефон нөмірі: 500293@bk.ru, 8(7142)504572.
Мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары мына мекенжайлар бойынша қабылданады: Семей қаласы, Тұрлыханов көшесі, 30, "Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ, тел. 8 (7222) 35-44-32. Электрондық мекен-жайы: prirodnyye_resursy_obl.abay@mail.ru.
Аудан әкімі Жарқынбек Борашұлы Бірлік ауылы және Амангельді (Ақбұзау) ауылына келіп, көктемнің су тасқынын алдын алу бойынша нұсқама тапсырма берді. Су құбырларын және округтегі су көпірлерін тексерді. Көктемнің су тасқынын алдын алу аудан әкімінің қатаң бақылауында.
Бірлік ауылдық округінде су тасқынын алдын алу жұмыстары жүргізілуде. “Бірлік орта мектебі” КММ-нің директоры Қайрат Жүнісханұлы өз ұжымымен келіп көмек қолын созды.
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай Бірлік ауылдық округінің әкімі Сарман Жакыпович ауылымыздың жалғыз басты және қарт аналарымызды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарды табыс етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай өткен “Аяулы ана” байқауының жеңімпаздары Қарқын Анаргүл мен Құмарсолтан Нұржанат “Аяулы ана” орденімен және бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.