GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
12 апреля 2025
Хабарландыру

Құрметті Жарма ауданының тұрғындары, Сіздерді

«ЖАРМА АУДАНЫ ҮШІН КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ 2025–2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН

Жарма ауданы әкімдігінің қаулы  жобасын талқылауға  белсенді қатысыуға шақырамыз.

НҚА жобасын талқылау үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет:

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=14194017&type=2

Абай облысы Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімі

Қызмет бағыты: коммуналдық қалдықтар

19 июня 2024
Бизнес субъектілерінің 36%-ы сауда саласында жұмыс істейді

Елімізде сауда саласы 1,5 млн астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Бұл сектор аталмыш көрсеткіш бойынша барлық сала арасында 1-орынға ие. Ол ЖІӨ-дегі экономикалық салым бойынша 2-ші орында, субъектілердің 36%-ы сауда саласында жұмыс істейді.  Осы жылдың 5 айында сауданың нақты көлем индексі 103,1%–ды құрады. Номиналда ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымының көлемі ұлғайып, 21,9 трлн теңгеге тең болды. Бұл жайлы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, биылғы көрсеткіш былтырғы осы кезеңдегі деңгейден 1,5 млн теңгеге асып түсті. 

«Сонымен қатар, біз екінші жартыжылдықтан бастап сауданың дәстүрлі өсуін күтудеміз. Ағымдағы жылдың 5 айында саудаға салынған инвестициялар көлемі 121 млрд теңгені құрады. Енді ішкі сауданы дамыту министрлігінің қызметіне тікелей көшкім келеді. Сауда саласының заңнамалық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Сауда қызметтеріне, ұсақ бөлшек сауда желілеріне, базарларға, қоғамдық тамақтандыру объектілеріне, электрондық саудаға қойылатын жалпы талаптар, сондай-ақ 9 ұлттық және 1 мемлекетаралық стандартқа байланысты персоналға қойылатын талаптар стандартталатын болады», – деді спикер. 

Жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу бойынша талаптар егжей-тегжейлі нақтыланған. Жергілікті атқарушы органдар орналасқан жері көрсетілген жәрмеңкелерді өткізу күнтізбесін бекітеді, оның тақырыбын айқындайды және қазақстандық өнім өндірушілерді тегін сауда орындарымен қамтамасыз етеді.

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын бөлу бойынша ЖАО конкурстарын өткізу нормалары белгіленеді. Бұдан басқа, Ережеге төмендетілген тауарларды өткізу бойынша жекелеген талаптар және сатуды өткізу тәртібі енгізілген. 

«Жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық бөлімшелер үшін ішкі сауданың негізгі көрсеткіштерін айқындау мақсатында есептеулердің тиісті тәртібі әзірленді. Бұл жобаны қабылдау сауда инфрақұрылымын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруға назар аударуға мүмкіндік береді, сондай-ақ сауданың қазіргі заманғы форматтарының тұрақты және теңгерімді өсуіне жағдай жасайды», - деп түйіндеді ведомство өкілі.

Мәдениет және спорт
19 июня 2024
Әкелер күніне орай өткізілген спорттық-эстофеталық ойындар

Әкелер күніне орай өткізілген спорттық-эстофеталық ойындар А. Кұсмановтың төрелігімен өте қызықты өтті.
12,3ші орын алған әкемен балаға Мақтау қағазы мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
1ші орынды: Сыбанбай Ануар ұлы Әмірмен иеленді.
2 ші орынды Жанаков Мирдос ұлы Бағжанмен иеленді.
3 ші орынды Маулинбердін Сәтбек Ерғанатпен иеленді.
Жеңістеріңіз құтты болсын.
Әке-Асқар тауларымыз аман болсын,
Бейбіт заман болсын!

Құрылыс және ТҮКШ
28 февраля 2024
Президент Қазақстанды Еуразияның негізгі транзит хабына айналдыру мақсатында қабылданып жатқан кешенді шараларды оң бағалады. Бұл ретте Мемлекет басшысы шын мәнінде бәсекеге қабілетті болу үшін заман талабына сай инновациялық шешімдер қабылдаған жөн деп санайды.

– Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканың барлық саласын цифрландыру мәселесіне айрықша мән бердім. Қазақстанда озық IT-шешімдерді енгізу үшін берік негіз қалыптасқан. Отандық теміржол саласы «цифрлық жарысқа» уақыт оздырмай қосылуға тиіс. Бұған белгілі бір деңгейде әзірлік бар екенін көріп отырмыз. Цифрландыруды жеделдету есебінен таяу арада тасымал тиімділігін арттыру және шығындарды қысқарту міндеті тұр. Бұл тек көлік-логистика саласының ғана емес, жалпы экономиканың дамуына тың серпін береді. IT-шешімдер ретсіз енгізілмей, бір-бірін толықтырып, біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Бұл – маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы аталған міндетті жүзеге асыруға отандық компанияларды тарту қажет екенін айтты.

– Бұл жұмысқа отандық IT-компанияларды тарту туралы ұсынысты толық қолдаймын. Елімізде мұндай компаниялар мен мамандар жеткілікті. Әлемдік IT-компаниялармен де тиімді байланыс орнату қажет. Осындай стратегия экономиканың барлық саласында іске асырылуға тиіс, – деді Президент.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларға атсалысып жатқан шетелдік компанияларға алғыс білдірді.

Сонымен қатар Инновациялық орталықта Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Чжао Сюй, Lianyungang Port Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ян Лонг, Global DTS компаниясының бас директоры Уи Тан Йонг, Wabtec корпорациясының ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша аға вице-президенті Байхан Гохан, «Alan TECH» ЖШС-нің директоры Бауыржан Айтілеу сөз сөйледі.

Мемлекеттік қызмет
28 февраля 2024
Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-ға кезекті брондаудың жаңа әдісі танымалдыққа ие болуда

Мамандандырылған ХҚО-да емтихан тапсыру үшін кезекке тұруға «ХҚКО» қосымшасы арқылы 8 мыңнан астам өтініш түскен. Енді азаматтарға алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққа хабарласудың қажеті жоқ. Олар мұны қосымшаның «Бейне қызметі» батырмасы арқылы онлайн жасай алады.

         Қызметтің арқасында азаматтар уақытын айтарлықтай үнемдей алады. Мәселен, бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, кезекте тұруы, оператордан өтініш беріп, содан кейін ғана емтихан сыныбына өтуі қажет болатын. Енді бұл кезеңдерден өтудің қажеті жоқ. Клиент алдын ала брондалған уақытта теориялық емтиханға тікелей келе алады. Ал теорияны сәтті тапсырғаннан кейін «ХҚКО» қосымшасы арқылы тәжірибелік емтиханға кезекке жазыла алады.

Бейне қоңырау арқылы кезекке тапсырыс беріп қана қоймай, жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін де бере алады. Оның ішінде медициналық анықтама, қызмет алушының фотосуреті, қойылған қолының үлгісі, автомектепті аяқтаған болса, оқығаны туралы анықтама, мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек бар. Барлық құжаттар диалогтық терезеде тіркелуі керек.

Айта кетер болсақ, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеп алуға болады. Осы күні оны 350 мыңға жуық қолданушы орнатып үлгерген.

Білім
26 февраля 2024
Президент оқушыларға сабақ кезінде телефон пайдалануға тыйым салатын заңға қол қойды

Президент оқушыларға сабақ кезінде телефон пайдалануға тыйым салатын заңға қол қойды

t.me/abaiaqparatkz

Мемлекеттік қызмет
26 февраля 2024
Абай облысының кадрлық комиссиясы Абай облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Абай облысының кадрлық комиссиясы Абай облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
  • жоғары білімі болуы;
  • үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

 

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

7) экология.

 Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар abai@onir.pkrezerv.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Семей қаласы, Аймауытова көшесі, 143А, 2 қабат, 208 кабинет.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді. 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында abai.onir.rezerv.kz, elgeqyzmet.abai    және келесі телефондар арқылы: 8 (7222) 35-41-62 немесе 8 (7222) 35-41-72   алуға болады.

Білім
24 февраля 2024
Касым-Жомарт Токаев принял участие в форуме Президентского молодежного кадрового резерва

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты

Жиын алдында Мемлекет басшысына Президенттік жастар кадр резервінің қатарына әр жылдары өткен мамандардың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Президентке «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары, Citix компаниясы өнімдерінің экспорттық әлеуеті, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өңдеуші өнеркәсіп пен энергетика секторына инвестор тарту тәжірибесі, сондай-ақ бюджеттік процестерді оңтайландыруға арналған «eAkimat365» ақпараттық жүйесі туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде жастардың осынау инновациялық ізденістерін оң бағалап, тиісті мемлекеттік органдар тарапынан мұндай бастамаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Президенттің пікірінше, мемлекет басқару ісіне ойы ұшқыр, білімі озық, сана-сезімі терең, нағыз отаншыл азаматтар көптеп келуі керек.

– Президенттік жастар кадр резерві дәл осындай талапты жастарға бірегей мүмкіндік береді. Бүгінде резервте 400 маман бар. Соның 280-і, яғни 70 пайызы орталық және жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарға тағайындалды. Бірқатары квазимемлекеттік секторда және бизнес саласында еңбек етіп жүр. Осы орайда мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Жайылғанова кезінде осы бастаманы жүзеге асыруға мол үлес қосқанын атап өткім келеді. Қазіргі таңда елімізде ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекетімізді өркендету үшін жаңа, батыл қадамдар жасалуда. Сондықтан өздеріңіз сияқты еліміздің жалынды жастары осы өзгерістердің қозғаушы күшіне, мықты тірегіне айналуы керек деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев
#менжастарғасенемін

24 февраля 2024
«Қажыкелді атындағы негізгі мектебі» КММ-сінің жылуы

Округ әкімі М. Жанаков ақпан айында ауа температурысының төмен түсуіне байланысты Белтерек ауылындағы «Қажыкелді атындағы негізгі мектебі» КММ-сінің жылуын, қазандық жағдайын және қатты отынның от жағу мерзіміне жету мөлшерін күнделікті бақылауда ұстауда

Білім
23 февраля 2024
Түркістан облысы жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көшбасшылар қатарында

Бүгінгі таңда облыс жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көшбасшылар қатарында. Өңірде жалпы қуаттылығы 278 МВт болатын 21 ЖЭК нысаны жұмыс істейді.

Сондай-ақ 2025 жылға дейін қуаттылығы 48 МВт болатын 7 нысанның құрылысы жоспарлануда.

Вице-министр өңірді газдандыру мәселесіне де тоқталды. Бүгінгі таңда тұрғындардың 77%-ы немесе шамамен 1,6 млн адам газға қол жеткізе алады. Биыл 14 жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл 15 елді мекенді немесе 26 мыңға жуық адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыста энергияның негізгі көздері Кентау ЖЭО және Шардара СЭС болып табылады. Шардара СЭС белгіленген электр қуаты 126 МВт, Кентау ЖЭО 12,5 МВт құрайды. Бұл ретте Шардара СЭС негізгі жабдықтарының физикалық тозуы 5%, ал Кентау ЖЭО-да бұл көрсеткіш 84,5% құрайды.

Өз активтерінде 23,7 мың км кабельдік және әуе электр беру желілері бар «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС облыстағы өңірлік электр желілік компания болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорынның балансында 6 мыңнан астам қосалқы станция бар, электр желісінің физикалық тозуы 57,3% құрайды.

Сонымен қатар Түркістан қаласы 110 кВ желісі бар «Оңтүстік» 110/35/10 кВ ҚС салу және «Алатау» ш/а 110 кВ ӘЖ бар 110/10 кВ ҚС салу жобаларын іске асыру кезінде Ленгер қаласы, Төлеби ауданы, Түркістан облысының 80 мыңға жуық тұрғыны үздіксіз электрмен қамтамасыз етіледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы