Белтерек ауылдық округі бойынша 2023 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы округ әкімі М.Жанаковтың есепті баяндамасы

Белтерек ауылдық округі бойынша 2023 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы округ әкімі М.Жанаковтың есепті баяндамасы

 

Белтерек ауылдық округі әкімшілік аумағында 3 елді мекен: Белтерек, 8-Март ауылы және Балақтыкөл стансасы орналасқан. Округте -148 шанырақ, 598 адам тұрады. 2023 жылдың 1 қантар айынан 1 қазаны аралығында дүниеге келген – 2 нәресте, қайтыс болғандар - 3. Зейнеткерлер - 75, «Тыл ардагерлері» - 1, «Алтын алқа»  иегерлері – 14, «Күміс алқа» алған аналар – 4, 18 жасқа дейін 4 және одан жоғары баласы бар аналар – 11; Ауған соғысының ардагері – 1, мүгедектер – 26.

Округте 2  медициналықпункт, 1 мал дәрігерлік пункт, 1 шағын наубайхана, 2 дүкен, 1 мешіт, 1 мәдениет ошағы, 2 тойхана жұмыс істеп тұр.

Инвестиция бойынш

  1. «Азамат» шаруа қожалығы лизингімен трактор «Белорус-920.2 - 11млн 500 мың.теңге
  2. «Санат» шаруа қожалығы КДП-4 шапқы - 1млн750 мың теңге
  3. «Атамекен» шаруа қожалығы лизингімен;

- трактор «Белорус-920.2 - 11млн 980 мың теңге

- Фронтальды погрузчик - 3млн 500 мың

  1. «Бахтияр» шаруа қожалығы:

- КДП-4шапқы - 1млн750 мың теңге

- пресс подборщик - 3 млн 750 мың тг.

- 2 асыл тұқымды бұқа - 600 мың тг.

- 14  “Байыс” қошқар - 980 мың тг.

  1. “Омарғали” шқ - 20 “Байыс” қошқар - 1млн 400 мың тг.
  2. “Қасмыбек К” ЖШС - 3 асыл тұқымды бұқа - 1млн 050 мыңтг.
  3. “Самархан” шаруа қожалығы пресс подборщик - 3 млн 650 мың тг
  4. “Төбет” шаруа қожалығы - кун - 1,600 мың тг
  5. «Қаратас» шаруа қожалығы – фронталный погрузчик тракторы – 15 млн 500 мың

Барлығы -69 млн. 210 мың теңге инвестиция тартылды.

 

Меншікті кіріс

жоспар 1, 800 мың, жиналғаны 2 млн.842 мың

Бюджеттік бағдарламалардың орындалуы

Шағын футбол алаңын салуға аудандық бюджеттен26 млн. 073 мың теңге қаражат  бөлініп,  «АйТи Эл group» Жауапкершілік шектеулі серіктестік 16 млн 800 мың теңгеге ұтып, шағын футбол алаңы Белтерек ауылында салынды.

Әкімшілікке JAC S5 автокөлігі берілді. Белтерек ауылындағы Клуб ғимаратына “Volcan” және әкімшілік ғимаратына “Горняк” жылу қазандығы алынып, орнатылды.

Ауыл шаруашылығы саласы

Округте барлық ауылшаруашылық құрылымдары - 50, оның ішінде  48 шаруа қожалықтар (46 ш\қ нақты істеп тұрғандар), 2 жауапкершілігі шектулі серіктестік («Аружан-Өскемен» және «Қасымбек –К». “Арнур” ш/қ жабылып, жаңадан “Береке” шаруа қожалығы ашылды.

2024 жылғы 01 желтоқсанға округ бойынша барлық мал саны (бас):

 ІҚМ – 4987 .

 Ұсақ мал – 12955 .

Жылқы – 3283.

Құс - 1244

Ауылшаруашылық өнімі:

- сүт  - 30394 цт

- ет - 13925 цт

- жүн - 200 цт

- жұмыртқа - 190 мың дана

Аудан орталығында өткен ауылшаруашылық жәрменкесіне ет, сүт өнімдері, қымыз, картоп апарылып, төмен бағада ұсынылды.

 

Егін шаруашылығы бойынша.

Барлығы 5 гектар жерден алынған өнім:

 - 4 гектар картоптан - 84 цт.

- 1 гектар көкөністен - 23 цт.

Жер қатынастары бойынша.

 Хаттамалық тапсырма бойынша Белтерек ауылы және 8-Март ауылында қоқыс алаңы құжаттары рәсімделді. Пайдаланбай жатқан 750 гектар жер қайтарылды.

Ветеринария саласы бойынша.

Округте 3 мал дәрігері қызмет көрсетеді. Жыл басынан барлық жоспарланған егу мен профилактикалық іс-шаралар жұмыстары жүргізілді. Оң нәтиже берген мал жоқ. 2023 жылдың қантар айынан бастап 32 бос жүрген иттер мен мысықтар оқшауланды. Сырғаланған мал саны: ірі қара -2785, ұсақ мал -6996, чиптелген жылқы - 646.

Шағын және орта бизнес саласы бойынша

– тұрақты жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны  - 5, оның ішінде 2 дүкен, 1 наубайхана, 2 тойхана жұмысын жүргізуде.

“Ауыл аманаты” жобасы бойынша жеке кәсіпкерлікті дамыту бағытында мал өнімдерін өндіру бойынша бір үміткер бие сауып, қымыз өндіру кәсіпібен айналысу үшін, 2,5 пайызбен көп балалы Сәдібек Дүйсенбек 4,700 мың несие алды.

Халықты әлеуметтік қорғау

 Атаулы әлеуметтік көмек 2 отбасына тағайындалды. Белтерек ауылында 5  адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс атқарады. Ақылы қоғамдық жұмысқа жыл басынан 4 адам алынды, 1 жұмыссыз Қалбатау ауылына көшті,3 жұмыссыз жұмыс атқаруда. Жастар іс-тәжірібіне келген жастар жоқ. Қысқа мерзімді оқуға баруға ниет білдіргендер жоқ. Қоныс аударушылар мен жұмыс жүргізілуде. «Күміс жас жобасы» бойынша 8 адам жұмыс істейді.

Білім саласы

  1. Қажыкелді атындағы негізгі мектебінде 19 мұғалім, 18 жұмысшы істейді. Оқушылар саны - 45, даярлықта - 5, кіші орталықта -15. Мектепте күрес, теннис, шахмат, шашкі, тоғызқұмалақ үйірмелер ұйымдастырылған. Мектепте 30 бейнекамера орнатылған. Қысқы уақытқа қазандықтар жөнделіп, жұмыс істеп тұр. Мектепке қажетті - 250 тонна көмір түсті.
  2. Балықтыкөл негізгі мектебінде 10 мұғалім, 14 жұмысшы жұмыс істейді. Оқушылар - 31, даярлықта оқйтын бала жоқ, кіші орталықта -14. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін спорт, үйірме жұмыстары жүргізіледі.5 бейне камера істеп тұр. Биыл жаңадан жылу жүйесі, қазандық орнатылды. Мектепке қажетті - 80 тонна көмір түсті.

Медицина

Белтерек ауылындағы медициналық пунктіндегі екі медбике 9 айда ішінде барлығы 60 адамға туберкулез, сібір жарасы, тағы басқадай екпелер мен профилактикалық жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізді. 30 адамға (әр түрлі ауруға қарсы) тегін медициналық дәрілер уақытында беріледі.2023 жылы туберкулез ауруына шалдыққан адам жоқ. Нәресте мен ана өлімі тіркелген жоқ.

8-Март аулында медициналық пунктте бір медбикежұмыс істейді. Диспансерлік есепте тұрған адамдар күзде-көктемде емдерін алып тұрады.

Әскери қызмет саласы

Округта 3 әскерге шақырушылар, оның ішінде 2 студент, 1-еуі денсаулығына байланысты 6 айға кейінге қалдырылды.

Жергілікті инфрақұрылым

      Белтерек-Жанғызтөбе қатынас жолы 2 рет грейделденіп, жол жиегіндегі шөбі шабылды. Жарықтандыру бағандары округта 69, оның ішінде Белтерек ауылында – 54, 8 Март ауылында – 15 баған. Абаттандыру, көгалдандыру бойынша: барлығы 40 тал, соммасы 377 500 тг. 1200 түп гүлдер отырғызылды.

Көктемгі су тасқының алдын-алумақсатында, ауылдық округтерге бөлінген қаптарды инертті материалдармен толықтыру жұмыстары жүргізілді. Ауылдардың санитарлық тазалығына мекемелер және ауыл тұрғындары белсене қатысып, сенбіліктер жұма сайын ұйымдастырылды. Белтерек ауылдық округі елді мекендердегі аулалар қоқысын шығарды. ИП «Атаханов» 534 000 тг.  келісім бойынша техникамен ауылдың 6 ескі бұзылған үйлердің орнын тазалады. Өрт сөндіретін 100 дана шатырлақ дайындалды.

Қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтын алдын алу.

Учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылық, мал ұрлығының алдын алу, малдың бағылуы, жол жиегінде түн мезгілінде қараусыз жүрген малдардың қатысумен болатын жол көлігі уақиғалары, малдың сырғалануы, жылқы малының чиптелуі, таңбалануы, жасөспірімдермен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жиналыстар тоқсан ішінде өткізілді, ескерту парақшалар таратылды.

Мәдени, спорттық іс-шаралар.

Жаңа жыл, 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі, 21-23 Наурыз мейрамы, 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7- мамыр Отан қорғаушы күні, 9-мамыр Жеңіс күні, 6-шілде Астана күні, 1 шілде - Домыбыра күні, 30 тамыз ҚР Конституция күні, 1 қыркүйек - Білім күні, 25- қазан Республика күні, 16-желтоқсан  ҚР Тәуесіздік күні және кәсіби, тағы басқа атаулы күндер округ тұрғындарымен аталып өтті. 

22 тамыз Қазақстан Республикасының спорт күніне орай, Жарма ауданы әкімінің жүлдесі үшін өткен ХV-ші Халықтық спорт ойындарына қатысқан спортшыларымызға спорттық киімдерге 100 мың теңгемен демеушілік жасаған «АйТи Эл group» Жауапкершілік шектеулі серіктестігіне, “Бақжан”, “Сайлауғазы” шаруа қожалықтарына округ тұрғындары атынан алғыс білдіремін.

“Е-өтініш” түскен өтініштер саны - 4.

“Е-лицензиялау” көрсетілген қызмет -4, өзіне-өзі қызмет көрсету  бұрышын пайдалану арқылы -37.

 

Жарма ауданы әкімдік отырысында берілген хаттамалық шешімдердің орындалуы;

  1. Округке қарасты мекемелер қажетті көмірмен қамтылды;
  2. Көмір бағасы 20 мың теңгеге дейін бағада жеткізілді.
  3. “10 мың тұрғынға - 100 жұмысшы” бойынша анықталға 8 ЖК-ден төлемдерін төлеп 5 ЖК жапты, қалған 3 ЖК төлемдерін төлеп отыр
  4. Жер қойнауын пайдаланушы 3 ЖШС анықталды, салық басқармасына тіркеліп, салықтарын төледі.
  5. Округ бойынша салық түсімдері толық жиналды.
  6. Ветеринарлық жаңаша мобилді қосымша туралы ілеуметтік желіде насихатталып, мал иелері қосымшаларды қялы телефондарына жүктеп, танысуда
  7. 2024 жылдың 1 жж басылымдарға жазылу;

Қалба тынысы - 75, орындалғаны -44;

Семей таңы -15, орындалғаны -13;

Егемен Қазақстан - 5, орындалғаны - 5.

  1. Ауылшаруашылығы құрылымдары бойынша электронды еңбек шарттар жасалып, электронды базаға тіркеліп, толығымен орындалды.
  2. Пайдаланбай жатқан 750 гектар жер жер қорына қайтарылды.

 

 

Назарларыңызға рақмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 февраля 2024