Белтерек ауылдық округі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жиналысының хаттамасы

Белтерек ауылдық округі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару

жиналысының хаттамасы

 

Белтерек ауылы                                                                    25 желтоқсан 2023 жыл

 

 

Қатысты Округ әкімі - М. Жаңақов

Жергілікті қоғамдастық мүшелері

  1. Билялов Оңдасын - ақсақалдар кеңесінің мүшесі
  2. Сыдырбаев А. К.– ақсақалдар кеңесінің төрағасы
  3. Машырапова Гүлсім – «Қажыкелді атындағы негізгі мектебі» КММ директоры
  4. Сибанбаева Айжан - «Балықтыкөл негізгі мектебі» КММ директоры
  5. Дастанов Куат Қабиденұлы - "Ілияс" ш / қ басшысы
  6. Әміралинов Қабитхан Оспанғалиұлы-ақсақалдар кеңесінің мүшесі
  7. Капашева Р.К.. – әкім аппаратының бас маманы

 

                                                       Күн тәртібі:

 

  1. Жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлау
  2. 2024-2026 жылдарға арналған округ бюджетінің жобасын талқылау және келісу.

 

  1. Тындады: Бірінші сұрақ бойынша жиналыс мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы Биялов Ундосын жиналыс төрағасы ретінде сайланды. Хатшы болып Белтерек әкімшілігінің іс жүргізушісі Г. Нұртаза тағайындалды.

 

  1. Тындалды: Округ әкімі  М. Жанаков  округ бюджетіне  қатысты келесідей  баяндама жасады:

    Құрметті жиналысқа қатысушылар!

Сіздердің назарларыңызға аудандық бюджет комиссиясы мақұлдаған 2024-2026 жылдарға арналған округ бюджетінің жобасын қарауға ұсынамын.

Белтерек ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 73-1 бабының негізінде, округтің кешенді даму жоспарына сәйкес әзірленеді.

Белтерек ауылдық округінің бюджетінің кіріс бөлігі 25 659,0 мың теңге көлемінде жоспарланып, соның ішінде субвенциялар - 20319,0 мың теңгені,  меншікті кірістер болжамы - 3000,0 мың теңгені, нысаналы трасферттер-2340,0 мың теңгені құрады. Сәйкесінше округ бюджетінің шығыс бөлігі - 25659,0 мың теңгені құрады.

2024 жылға округ бюджетіне түскен субвенциялар көлемі - 20319,0 мың теңгені құрап, аппараттың бірінші кезектегі шығындарына, соның ішінде қызметкерлердің жалақы қорына шығындарға қарастырылды.

2024 жылға Белтерек ауылдық округінің жергілікті өзін-өзі басқаруына берілген салықтардың 6 түрі бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің болжамы құрамы барлығы 3 млн. теңге, оның ішінде:

- Төлем көзінен салық салынбайтын ЖТС (101202) - 1 000,0 мың теңге;

- жеке тұлғалардың мүліктік алогы (104102) - 50,0 мың теңге;

- жер салығы (104302) – 8,0 мың теңге:

- жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық (104402) - 1 292,0 мың теңге;

 - жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (105315) - 470,0 мың теңге;

- бірыңғай жер салығы (104501) – 180,0 мың теңге.

2024 жылға арналған округ бюджетіне республика және облыс бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 227,0 мың теңгені құрап, келесі шығындарға бағытталды:

- Техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу – 50.0 мың теңге;

- міндетті зейнетақы төлеміне төлеу – 177,0 мың теңге.

 

 А. Сылдырбаев: Округ бюджетін осы көлемде бекітуге келісеміз.

 Жиналыстың қорытындысы бойынша келесідей

ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАНДЫ:

 

  1. Округ әкімінің ұсынысына сәйкес тиісті бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде 2024-2026 жылдарға арналған округ бюджеті, соның ішінде 2024 жылға 25659,0 мың теңге көлемінде бекітілсін.
  2. Округ әкімі бөлінген қаражаттың уақытылы және мақсатты пайдаланылуы жөнінде тиісті шаралар қабылдансын.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                                                   У. Билялов

Жиналыс хатшысы                                                                                 Р. Капашева

 

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2024