
Жалпыға таныс сыбайласқан жемқорлық құқықбұзушылығының аса қауіпті және кең таралған нысаны - пара алу, пара беру және параға делдалдық мемлекет механизімінің барлық салаларына терең еніп қалған жағымсыз құбылыс - адам мен азаматтардың бойында билік органдарына деген сенімсіздікті тудыруда. Өзінің тұрмыстық, жеке, кәсіпкерлік және өзге де жағдайларын шешумен байланысты парақорлыққа, яғни пара алу, пара беру және параға делдалдыққа шыдамды қатынасты тудыртып, бұл құбылысқа қоғамның қарсы тұру мүмкіншілігі мен адамгершілігіне кері әсер етіп келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін моральдық - адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды өзімізден талап етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетімізді арттыруымыз керек. Сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін қоғамды қалыптастыру, әр азаматттың отан алдындағы қасиетті борышы деп білемін. Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білетін жоғарыморальды ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың борышы. Ол үшін әр отбасы балаларымыздың бойына адалдық, қайрымдылық, отанға деген сүіспеншілік қасиеттерін сіндіре білуіміз керек.
Әр азамат өз міндеттерін адал және әділ орындаса, әріптестерінен соны талап ете білсе, бүкіл қоғам болып күрессе, еліміз сыбайлас жемқорлық жоқ әлемдегі мемлекеттердің біріне айналады.
Белтерек ауылдық округінің әкімі Жанаков Мирдос Муташұлы