
Әр мектепте әлеуметтік осал санаттағы балаларды қолдауға арналған жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры (жалпыға бірдей оқыту) қарастырылған. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар "Білім туралы" ҚР Заңының 6-бабына сәйкес бюджет есебінен жалпы білім беретін мектептердің мынадай білім алушыларына: атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан; жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасылардан; балаларға көмек көрсетуге қаражат жібереді- жетім балаларға; отбасыларда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылардың өзге де санаттарына.
Білім беру саласындағы бос жұмыс орындарын іздеу үшін Сайтта тіркелу қажет https://hr-nobd.edu.kz және бар бос жұмыс орындарын қараңыз. Әрі қарай, сайтта бар алгоритмге сәйкес өтініш беру керек.