GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
07 апреля 2025
“Таза Қазақстан” акциясы аясында Әуезов кенті әкімі аппараты ММ-нің мамандары әкімшілік ғимаратының айналасында сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Экономика
22 января 2025
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».docx

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазаны
№ 301 бұйрығына
10-қосымша

 

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;

      2) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;

      3) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      4) жер комиссиясы – өтініштерді (өтінімдерді) қарау және жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындау үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 43-бабына сәйкес құрылатын жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган;

      5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      6) жер учаскесі – Кодекске сәйкес белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

      7) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған, жер учаскесінің сандық және сапалық сипаттамаларын, оның ішінде оның шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;

      8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;

      9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
  2. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:

      бірінші кезең:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;

      2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар);

      екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттар туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді.

      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және құзыреті шегінде жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарға орындауға жолдайды.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жеке кабинетке хабарламаны жолдайды;

      3) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтініш келіп түскен сәттен бастап сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындайды, оған жер учаскесінің схемасын қоса береді және материалдарды жер комиссиясына енгізеді;

      4) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады;

      5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері жер комиссиясының оң шешімі болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін жер комиссиясының оң қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды, жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда – мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.

      Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.

      Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару –бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды;

      3) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде қол қйылған сәттен бастап жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
  2. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.

      Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 24-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде және 6-тармағында, 49-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

 

 

"Сауда-саттықты
(конкурстарды, аукциондарды)
өткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтар алу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

 

_______________________ әкімі
(облыс, қала, аудан, кент, ауыл,
ауылдық округ)
____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі)
____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі
____________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі не
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды
тұлға өкілінің жеке
____________________________
басын куәландыратын құжаттың
деректемелері,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
орналасқан жерінің
____________________________
мекенжайы (заңды тұлғалар
үшін) не тұрғылықты
____________________________
мекенжайы (жеке
тұлғалар үшін))

 

Жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш

      ________________________________________ мекенжайында орналасқан,

      (жер учаскесінің (орналасқан жері) мекенжайы)

      ____________________________________________________________ құқығына,

                  (сұралып отырған құқық түрі)

      алаңы ______ гектар, __________________________________________ арналған

                              (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

      жер учаскесін беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Күні ______________

      Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________________

      (жеке тұлғаның не заңды тұлға өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса),

      тегі, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы)

 

Мәдениет және спорт
24 октября 2024
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті кент тұрғындары!

 

Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылды. Көпшілік білетіндей, 1990 жылғы 25 қазанда «Егемендік туралы» декларация қабылданды, еліміз тәуелсіздікке бет бұрды, азат болудың алғышарты жасалды. Сондықтан біз үшін бұл күннің орны ерекше.

Қазіргі шақта Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды қадамдары жасалуда. Еліміздің құрылымдық жүйесінде, саяси-экономикалық бағытында жаңғыртулар қолға алынды. Халық жаңа қоғам қалыптастыруға деген бастамаларға қолдау білдірді. Демократиялық үрдістерді орнықтыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бұл өзгерістердің жетісулықтар үшін де маңызы зор болмақ.

Мемлекет басшысының «Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі  бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде  Қазақстанымыз бізден басқа  ешкімге керек емес. Сондықтан, маған  елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан  ешбір құндылық жоқ», - деген сөзі әрқайсымыздың жадымызда жатталып тұр.

Құрметті қауым! Республика күні мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілеймін!

Мәдениет және спорт
05 августа 2024
Металлургтар мерекесіне орай Қазақстан жұлдыздарының қатысуымен үлкен мерекелік кеш өтті
01 апреля 2024
Семейде қатты тұрмыстық қалдықтар үшін жаңа полигон салу жоспарланған

Абай облысы бойынша экология департаментінің басшысы Серік Сарбасов өңірлік коуммникациялық қызметінде БАҚ өкілдеріне баспасөз-мәслихатын өткізді. Кездесуде Абай облысының 2023-2025 жылдарға арналған экологиялық проблемаларын кешенді шешу бағдарламасы талқыланды.

- Аягөз, Курчатов қалаларында жаңа бірыңғай қазандық салу жұмыстары басталды. Қазіргі жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталып қалды, мемлекеттік сараптаманы алу мерзімі 2024 жылдың маусымы. Қорытынды алғаннан кейін жобаны іске асыруға бюджеттік өтінім берілетін болады. Аягөз қаласында бірыңғай қазандық салу бойынша жер учаскесі анықталып жатыр, - деп атап өтті Серік Сарбасов.

Облыс орталығында қатты тұрмыстық қалдықтар үшін жаңа заманауи полигон салу жоспарланған. Жаңа полигон Знаменская тас жолында болады.

- Семей қаласының әкімдігі қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мен қоқыс сұрыптау зауытының құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге меморандум жасады. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында жобаға мемлекеттік сараптама жүргізу және бюджеттік өтінім жіберуді жоспарлап отыр. 2023-2025 жылдары 28 ауылдық округте қоқыс полигондарын жаңғырту және салу жоспарда бар, - деді департамент басшысы.

Семей қаласының әкімдігімен жаңа үлгідегі қоқыс салатын қосымша 1370 контейнер жеткізіліп, 162 контейнер алаңы жасалды. Қоқыс шығаратын компания көліктердің санын 6 бірлікке арттырған. Облыста қатты тұрмыстық қалдық жиналған 357 орын анықталды. Бүгінде ол полигондар толығымен жойылған.

28 марта 2024
Президент жарлығы

 Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды

Денсаулық сақтау
19 марта 2024
Мемлекет басшысы Заңға қол қойды.

Мемлекет басшысы «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Текст Закона публикуется в печати.

Экономика
19 марта 2024
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  еліміздің креативті индустрия өкілдерімен кездесті

Президентке музыка, әлеуметтік желі, киноиндустрия,  жасанды интеллект және киберспорт салаларында табысқа жеткен отандық жобалар таныстырылды.

Экономика
18 марта 2024
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Берік Асылов:

✅ еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттарына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді;
✅ құқықтық көмек көрсету және шетелде жасырынған қылмыскерлерді іздестіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың нәтижелерін баяндады. Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, сот төрелігін жүзеге асыру үшін Қазақстанға қайтарылған;
✅ активтерді қайтару мәселесі бойынша Еуропа Кеңесі, Интерпол, ЭЫДҰ және ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдармен өзара түсіністікке қол жеткізілгені жайында мәлімет берді;
✅ ел экономикасына 2,7 триллион теңге салған 220 инвесторға құқықтық көмек көрсетілгенін айтты. Аталған жұмыстың нәтижесінде инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімі арта түскен;
✅ еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық-құқық саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы баяндады.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде заңдылықты одан әрі нығайту және азаматтарды, соның ішінде кәсіпкерлерді қылмыстық элементтерден қорғау шараларын қабылдауды тапсырды.

▪️Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларға қатысты уәкілетті органдардың шешімдері бойынша «прокурорлық сүзгіні» тиімді пайдалану маңызды екенін айтты. Осы орайда Президент аталған органдардың тартылатын инвестиция туралы деректерінің дұрыстығына бақылауды және жауапкершілікті күшейту қажеттігіне назар аударды.

▪️Сондай-ақ шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтаруға бағытталған заманауи технологияларды кеңінен қолдану керек екенін атап өтті.

Әлеуметтік қорғау
18 марта 2024
Жыл басынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 130 мыңнан астам адам қамтылды

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 131,5 мың адам қатысты. 110,8 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 35,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы