"Абай облысы Жарма ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Әкім аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Әкім аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Әкім аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аршалы ауылдық округі әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Әкім аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
| Касымханов Мирлан Далелханович |
Аршалы ауылы квартал 2, 37/2 8 (72347) 41- 110, 8 771 369 2699 arshaly_akimdigi@mail.ru |
| Дюсекеновна Меруерт Ханатовна |
Аршалы ауылы квартал 2, 37/2 8 (72347) 41- 110, 8 747 610 05 33 arshaly_akimdigi@mail.ru |


Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған


