GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
09 сентября 2025
Таза Қазақстан – таза ауыл!

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Аршалы ауылдық округінде сенбілік ұйымдастырылып, республикалық маңызы бар тас жолының маңайы тазартылды.

Мәдениет және спорт
Ауылшаруашылығы
20 мая 2025
2025 жылдың 17 мамыр күні Аршалы ауылымыздың қоқыс төгетін алаңының айналасын өрт қауіпсіздігін алдын-алу мақсатында "Жарма" ЖШС-нің техникасымен жырту жұмыстары жүргізілді.
Ауылшаруашылығы
20 мая 2025
Аршалыда қыстан шыққан тұрмыстық қалдықтар шығарылуда
Мәдениет және спорт
20 мая 2025
Аршалы ауылдық округінде 2025 жыл 9-мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғыс ардагерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Аршалы ауылдық округінде 2025 жыл 9-мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғыс ардагерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Қан майданда ерен ерліктің үлгісін көрсеткен, ұрпақтарына азаттық пен бейбітшілік сыйлап кеткен соғыс ардагерлерін еске алу, қазақ халқының боздақтарын қастерлеп, мақтан тұтамыз. Елім деп еңіреп жерім деп жанын аямай шайқасқан кешегі ата- бабаларымыздың арқасында біз бейбіт ғұмыр кешудеміз. Ұлы жеңіс- сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Біздің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстау біздің борышымыз. Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!

Ауылшаруашылығы
20 мая 2025
Республика бойынша барлығы 1 млрд-тан астам ағаш отырғызылды

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд түп ағаш егу тапсырмасын берді. 2021-2024 жылдары республика бойынша барлығы 1 млрд 150 млн ағаш отырғызылды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Тапсырманың орындалу мерзімінің ұзартылуына байланысты ормандарды молықтыру және қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарлар қайта бекітілді.

Мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды молықтыру кезінде 1 және 2 жылдық көшеттер пайдаланылады. Көшеттердің жасы 1-2 ж.; биіктігі тұқымына қарай: жапырақты 10-30 см, қылқан жапырақты ағаштарда 15-50 см. Екпе көшеттер ормандарды қалпына келтіруде, сондай-ақ үлкен аумақтарда, материал бағасының төмендігі қажет болатын жаппай отырғызу кезінде қолданылады.

Республика бойынша барлығы 3178 га аумақта 251 орман питомнигі бар, онда қазіргі уақытта 280 млн. астам 1 және 2 жылдық көшеттер өсіріледі; орман заңнамасында мемлекеттік орман қорында аудандастырылмаған отырғызу материалын пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының көгалдандыру бойынша өңірлік жоспарлары бекітілді.

2021-2025 ж. аралығында жыл сайын 3 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Жалпы, 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін барлығы 14,3 млн астам ағаш отырғызылды.

Елді мекендерді көгалдандыру үшін биіктігі 1 метр немесе одан үлкен көшеттер қолданылады. Көшеттердің жасы 2-4 ж.; биіктігі тұқымы мен өсу жағдайына байланысты 30 см-ден 2 метрге дейін. Үлкендеу көшеттер көгалдандыруда, аумақтарды абаттандыруда, сыртқы бейнесі және сәнділігі маңызды бақтар мен саябақтарда қолданылады; жасыл желектерді құруды жергілікті атқарушы органдар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырады; көшеттерді отырғызу елді мекеннің бас жоспарына сәйкес ортақ пайдаланылатын жерлерде жүргізіледі.

Әлеуметтік қорғау
20 мая 2025
Аршалы ауылдық округіне 2025 жыл 5 мамыр күні АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
  •  
  • Аршалы ауылдық округіне 2025 жыл 5 мамыр күні АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
    "AMANAT" партиясы Жарма аудандық филиалы Жарма ауданының әкімі Борсукбаев Нұрлан Мұхаметрақымұлының бастамасымен "Бақытты отбасы", "Ұлттық мұра" және "Таза Қазақстан" партиялық жобаларын іске асыру аясында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер келіп,Ауылымыздың табиғатына әдемі көрік беріп тұрған "12 құдық" (бұрынғы атауы Холодиска) бұлақ көздеріне экскурсия жасап,тауға шақты.Келген қонақтарымыздың құрметіне "Маралды" кемпингінде дастархан жайылды.

     
Ауылшаруашылығы
06 мая 2025
"Таза Қазақстан"

В рамках экологической акции «Чистый Казахстан» в Аршалынском сельском округе ведется вывоз мусора.

Сегодня, 2 мая 2025 года в Аршалынском сельском округе в рамках экологической акции «Чистый Казахстан» в районе трассы республиканского значения проведены субботники на начало девяти колодцев.

Мәдениет және спорт
06 мая 2025
Спорт - бейбітшілік елшісі.

Қалбатау ауылының спорт модулінде, 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай бюджеттік ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер қызметкерлері арасында волейболдан (mix) аудандық турнир өтті. Жарысқа 6 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша
🥇 Абай атындағы көпсалалы мектеп гимназиясы
🥈 ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасы
🥉 УССО командасы иеленді

Әлеуметтік қорғау
02 апреля 2025
Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері 150-ден астам тексеру жүргізді

2025 жылдың үш айында әлеуметтік инспекторлар 156 тексеру жүргізді, оның 76-сы жоспардан тыс, 19-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 61-і прокуратураның талабы бойынша болды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 34 ұйғарым берілді, 14,5 млн теңгеден астам сомаға 46 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 6, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 21, мемлекеттік мекемелер – 22, балабақшалар – 4, мектептер – 13, колледждер, лицейлер – 5, ауруханалар, емханалар – 10, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы – 1, санаторийлер – 3, ДК – 10, кафе, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 10, дүкендер – 12, сауда үйлері – 5, полиция пункті – 1, стоматология – 3, автобус парктері, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар – 6, кітапхана – 1, мәдениет үйлері – 4, пошта қызметі бөлімшесі – 1, спорт мектептері – 3, нотариус – 1 және өзге де 14 объекті қамтылды.

Мәселен, Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша медициналық орталыққа жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте әлеуметтік инспекторлардың айтуынша, барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер бар. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды.

«Мен қаламыздағы әлеуметтік және мәдени іс-шаралардан қалмай, ұдайы қатысуға тырысамын. Қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдар үшін көптеген қоғамдық орындарда қолжетімділік қамтамасыз етілуде. Сөзімнің бір дәлелі ретінде қаламыздағы 9-шағын ауданында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығын айтуға болады. Ғимаратқа кіре берісте арнайы лифт бар, ал оның ауласында мүгедектігі бар адамдардың автокөліктеріне арналған арнайы тұрақтар бар.

Мемлекеттік қызмет
02 апреля 2025
Елімізде мемлекеттік қызметтердің 92%-на қашықтан қол жеткізуге болады

2024 жылы Қазақстанда 340 млн астам мемлекеттік қызмет онлайн-форматта көрсетілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтердің 92%-ын қашықтан алуға болады. Сонымен қатар статистика көрсеткендей, азаматтар көбінесе оған смартфондар арқылы – 90% жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді монополиясыздандыру шеңберінде негізгі сервистер танымал финтех-платформаларға интеграцияланды, бұл халықты цифрлық қызметтермен қамтуды едәуір арттырды.

Бұған қоса, қазақстандықтар QR-қолтаңба мен биометрияны сенімді қолдана бастады. Цифрлық құжаттар қызметі ерекше танымал болуда, бір жыл ішінде азаматтар оны 292 млн рет қолданды.

Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің бірі – жеке куәлікті ауыстыру, сәуір айының соңына дейін онлайн-форматқа ауыстырылады.

Мамандар азаматтың фотосуретін сәйкестікке бағалайтын AI моделін сәтті сынақтан өткізді. Яғни, болашақта азаматтарға жеке куәлік алу үшін тек eGove платформасында сәйкестендіруден өту, фото мен қолтаңбаны жүктеу, онлайн төлем жасау және құжаттың дайындығы туралы SMS күту қажет болады.

«2024 жылы ХҚКО операторлары 15,2 млн қызмет көрсетті. Бұл ретте өтініштердің 80%-ы он қызметке тиесілі. Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұл қызметтерді автоматтандыру және баламасыз, тек онлайн форматқа көшіру бойынша жол картасын әзірледік. Бірінші кезеңде: жеке куәлікті ауыстыру, электронды цифрлық қолтаңба беру, еңбек мигранттарына рұқсат беру қызметтері. Келесі кезекте тіркеу қызметтері: көлік, жылжымайтын мүлік, жерге қатысты құжаттар көшіріледі. Мақсатымыз – жыл соңына дейін халыққа қызмет көрсету орталығының жүктемесін 50%-ға дейін азайту», — деді министр Үкімет отырысында.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы