Меню

Страницы

Статья

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру

Қызметті Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар): 

Көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлігіне билік ету, шотына түскен зейнетақырларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу жөніндегі шешімді алу үшін жүгінген кезде:

  1. 1 қосымша және 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін).
  3. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы мәлімет (көрсетілетін қызметті берушінің қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы).
  4. Қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушының иелігіндегі меншік құқығын растайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін).
  5. Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (нотариустан) (заң бойынша мұра алған жағдайда) (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін).
  6. Қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушының көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін).
  7. Екінші деңгейдегі банктерде немесе "Қазпочта" АҚ-да қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға шот ашылғаны туралы хабарлама.
  8. Қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушының кірістерін (зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік және басқа да төлемдер) растайтын құжаттар.

Көрсетілетін қызметті алушы сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған кәмелетке толған адамның мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін жүгінген кезде:

  1. 1 қосымша және 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы мәлімет (көрсетілетін қызмет берушінің қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы).
  4. Меншік құқығын растайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін).
  5. Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (нотариустан) (заң бойынша мұра алған жағдайда) (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін).
  6. Көлік құралдарына меншік құқығын растайтын құжат (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін).
  7. Кепілдік міндеттемелер (нотариустан) (мүлікті сатқан жағдайда) (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін).

Жоғарыда аталған 2), 3), 4), 6), 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық мәліметтер және (немесе) құжаттар нысанында алады.

Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке тиісті құжаттар қоса ұсыналады.

Құжаттарды портал арқылы берген кезде құжаттар электорндық көшірме түрінде ұсынылады.

Дата публикации
08 января 2026
Дата обновления
08 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
31 марта 2026
eGov.kz қалай тіркелуге болады: авторизация және сайтқа кіру ережелері
Ақпарат
03 марта 2026
Жартылай автоматтандырылған қызмет көрсету Баспаға шығару нұсқасы Қайталама куәліктерін алу (туу туралы, некені қию, қайтыс болу туралы)
Ақпарат
08 января 2026
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы