Меню

Страницы

Статья

073/е нысанындағы анықтаманы енді eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады

Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді.

073/е нысанындағы медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат.

Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын. eGov.kz порталында қызмет іске қосылғаннан кейін бұл процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өтіп, электрондық үкімет порталында өтінім берген соң анықтаманы электронды форматта рәсімдей алатын болды. Енді құжатты алу одан да оңай – eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану жеткілікті.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;
  • «Қызметтер» - «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдау керек;
  • «№ 073/е нысан бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдау қажет;
  • өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.

Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.

Жаңартылған функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.

 

Дата публикации
30 мая 2025
Дата обновления
30 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
31 марта 2026
eGov.kz қалай тіркелуге болады: авторизация және сайтқа кіру ережелері
Ақпарат
03 марта 2026
Жартылай автоматтандырылған қызмет көрсету Баспаға шығару нұсқасы Қайталама куәліктерін алу (туу туралы, некені қию, қайтыс болу туралы)
Ақпарат
08 января 2026
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы