Аршалы ауылдық округінде «Аршалы негізгі мектебі» КММ-де жас ұрпақты зиянды заттардан сақтау, алдын алу мақсатында жоғары сынып оқушыларына мектеп медбикесі А. Есмагамбетова учаскелік полиция инспекторы С. Т. Алькеновтың қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында жиналыс өткізді. Мақсаты: Дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, жасөспірімдерге осы дерттің зардаптарын түсіндіру; зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру.