«Азаматтық бюджет дегеніміз не?»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 15 бұйрығы шығып, бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидалары бекітілген.

         Азаматтық бюджет –жұртшылыққа қолжетімді нысанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын республикалық және жергілікті бюджеттердің   қалыптастырылуы және атқарылуы туралы негізгі ережелерін ашатын   ақпарат.  

        Азаматтық бюджетті:

      республикалық бюджет бойынша– мемлекеттiк жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар;

      жергілікті бюджет бойынша – облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,  астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің аппараттары;

      бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджет  шығыстары бойынша – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жасайды.

         Азаматтық бюджет - бюджет процесінің мынадай сатыларында жасалады: жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау), бюджетті атқару.

        Азаматтық бюджеттің мазмұны қысқа, түсінікті, азаматтар үшін оңай ұғынылатын нысанда жазылады, оны жариялаған кезде инфографика, суреттер, схемалар, диаграммалар, кестелер және басқа да таныстыру нысандары пайдаланылады.  

      Мемлекеттік бюджеттің бөлімдері осы өңірлерге тән өзге де ақпараттармен толықтырылады. 

      "Өңірдің негiзгi әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi"бөлімінде жергілікті бюджеттер деңгейінде айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі және орташа айлық жалақы мөлшері, ең төменгі зейнетақы мөлшері, стипендия, жәрдемақы мөлшері көрсетіледі.

      "Бюджеттің түсімдері мен шығыстары"   бөлімінде алдыңғы жылдармен салыстыру жолымен үш жылдық кезеңге жоспарланып отырған бюджет түсімдері мен шығыстары туралы ақпаратты қамтиды.

         Бюджет шығыстарында функционалдық топтар бөлінісінде мемлекеттiк бағдарламаларды іске асыруға бағытталған шығыстарға талдау, сондай-ақ алдыңғы жылдармен салыстырғандағы жоспарланған үш жылдық кезеңге негізгі басым бағыттар бойынша шығыстарға талдау келтіріледі.

         Бюджеттің "Тапшылығы (профициті)" деген кіші бөлімде тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру көлемінің деректері көрсетіледі.

         Бюджет заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда түзетулердің қысқаша ақпараты, түзетулердің қашан және қандай себептермен енгізілгені көрсетіледі.

      "Бюджетті атқару сатысында" бөлімінде мәліметтер ай сайынғы негізде қалыптастырылады. Бір рет жарты жылдық қорытындылары (жарты жылдық шолу) шығарылады. Жыл қорытындысы бойынша жылдық азаматтық бюджет (жылдық шолу) жасалады.

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджет процесін сипаттау кезінде бюджетті атқарудың негізгі рәсімдерін,

түсімдер мен шығыстар бойынша тиісті бюджетті атқарудың негізгі кезеңдері, есепті қаржы жылына бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің жасалуы, қаралуы және бекітілуі көрсетіледі.     

      Азаматтық бюджет уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

      Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының ресми интернет ресурстары болмаған кезде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің "Азаматтық бюджет" салымы жоғары тұрған бюджетті мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың интернет-ресурсында орналастырылады.     

Дата публикации
28 мая 2025