Аршалы ауылдық округінде «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы аясында сметалық құжаттама әзірленіп, Аршалы ауылының көшелерінің көше жарығы бағандарын қалыпты ұстау үшін 2024 жылы Аудандық бюджет қаражаты есебінен 526,0 мың теңге бөлініп, конкурс талабына сай бағалық ұсыныстарға сұраным тәсілі арқылы жеке кәсіпкер «Ақерке» 324,0 мың тенгеге ұтып алып, көше жарығы бағандарын қалыпты ұстау жұмыстарын жүргізуде.
Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары
Округте санитарлық тазалық жұмыстары кезінде қыстай жиналған қоқыстарды жинап шығару жұмыстары сәуір-маусым айларында жүргізілді. «Таза жұма» күндері әр аптада уақытылы өткізіледі. 2024 жылдың салығының жылдық жоспарын жергілікті қоғамдастық отырысының шешімімен салық базасы 600,0 мың тенге ұлғайтылып, Аршалы ауылының санитарлық тазалығына қарастырылып, конкурс талабына сай жеке кәсіпкер «Жексенаев» 535,0 тенгеге ұтып алып, санитарлық тазалық жұмыстарын атқарып берді.
2024 жылдың 17 мамыр күні Аршалы ауылдық округіне қарасты Аршалы-Жарықтас аудандық маңызы бар тас жолын «Жарма-Су» мемлекеттік мекемеснің техникасымен грейдерлеу жұмыстары жүргізілді.
2024 жылдың 6 шілде күні Аршалы ауылдық округіне қарасты Жарықтас ауылынан шыққан азаматтар мен сол ауылымыздың тұрғындары бір кісідей жұмылып, ауыз біршіліктерін көрсетіп, Жарықтас ауылының кіре беріс тас жолының бойына «Туған өлкем Жарықтас» деген көлемді әріптерді орнатты.
2024 жылдың 14 тамыз күні Аршалы ауылдық округінде әкімшілік ғимаратына су құбырын тарту жұмыстары және де медицина пункті ғимаратына «ИнвестГрандСтрой» ЖШС –нің көмегімен кәріз жүйесі қазылып берілді.
2024 жылдың 22 қыркүйек күні Аршалы ауылдық округінде әкімшілік ғимаратына тартылған су құбырының жабылған жерінің үстіңгі қабатын және ауылымыздың ішкі көшелерінің жолдарын «ИнвестГрандСтрой» ЖШС-нің грейдерімен тегістеу жұмыстары жүргізілді
2024 жылдың 21-23 қыркүйек күндері аралығында Аршалы ауылдық округіне қарасты Аршалы ауылында орналасқан су құбырының дизелдік моторын қысқы мезгілде жарық сөніп қалған жағдайда қалыпты жұмыс істеу үшін, ауыл азаматтары бір кісідей атсалысып, дизельдік мотордың сыртын қоршап, жылы материалдармен қаптап қысқа дайындау жұмыстарын жүргізді.
2023 жылдың салығының қортынды бос қалдықтары есебінен жергілікті қоғамдастық отырысының шешімімен 653,0 мың тенге қаражатты Аршалы ауылымыздың көшелерінің ішкі жолдарын қысқы мезгілде қардан тазалау үшін қойылған болатын. 2024 жылдың қараша айында бағалық ұсыныстарға сұраным тәсілімен конкурс ойнатылып, «Мирас» жеке кәсіпкері 582,0 мың тенгеге конкурс талабына сай ұтып алып, келісім-шартқа отырып, Аршалы ауылымыздың ішіндегі көше жолдарының қардан тазалау жұмыстарын атқарды.