Ветеринария саласы
Аршалы ауылдық округінде 2 мал дәрігері, 1 мал дәрігерлік санитар жұмыс істеуде. Аса қауіпті жұқпалы мал ауруларына арнайы вакцина жыл сайын бөлініп тұрады, сібір жарасы, қарасан, аусыл, құтырма пастереллез ауруларына қарсы егіліп отырады. Округ бойынша биылғы жылы серологиялық жолмен бруцеллез ауруына қарсы ірі қара малы 2202 бас, ұсақ малдар 3143 бас тексерілді. Оң нәтиже берген малдар жоқ.
Мал басының тұрақты дамуы мен оның эпизоотиялық тазалығын сақтау
мақсатында жоспарға сай барлық мал түрлері егіліп, шеттен әкелінген малдар қатаң бақылауға алынып, шектеу қойылып, ветеринариялық талаптар бойынша сарып ауруына қарсы тексерістен өткізіледі. Мал басы бірдейлендіріліп, компьютерлік ИСЖ базасына енгізіліп отырады.
Ауылымыздың тазалығы және мал ауруларының алдын алу үшін малдың өлекселерін апарып тастайтын арнайы мал қорымы бар.
Бос жүрген қаңғыбас иттердің көзі жойылып отырады және алдағы уақытта профилактикалық жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
.