Денсаулық сақтау

Округ тұрғындарының денсаулығын қадағалауға Аршалы ауылының Медициналық  Пунктінде 3 адам жұмыс істейді. Округте жоспар бойынша флюорографияға түсетін 154 адам бар. Қазіргі таңда 145 адам флюорографияға түсті, түспеген 9  адам қалды. Жыл басынан  4 нәресте дүниеге келді. Профилактикалық жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылып отырады.  Республикалық маңызы бар трассаның  Аршалы ауылының қасынан өтетін жерінде медициналық құтқару пункті ұдайы жұмыс істеп тұр. Мұндағы дәрігерлер округ тұрғындарына да өз қызметтерін көрсетуде.

Аршалы ауылымызда игі істер жалғасын табуда ауылды қолдаушыларымыздың арқасында ауылымыздың медициналық пункітіне генератор алынып берілді.

Дата публикации
16 января 2025