Мәдениет және спорт

     Округіміздің мәдени іс шаралары жоспарға сай жүргізіліп отырады. Ауданда өтетін іс шараларға ауыл тұрғындары белсене қатысып отырады. Ауылымызда әрбір мерекелік іс шара атаусыз қалмай жүргізіледі.  

      2024 жылдың 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» ардақты апаларымызды, аналарымызды ауылдық клубта мерекелерімен құттықтап, осы тамаша көктем мерекесі күні аналарымыз шағын концерт тамашалады. Мерекеге «Ақбастау» Ш/Қ Акбердинов Серік , «Айдын және Ш» ЖШС басшысы Жакупов Шалқар, «Жарқын» Ш/Қ басшысы Игембаев Жарқын, «Елшібек» Ш/Қ басшысы Сулейменов Қуат ағаларымыздың демеушілігімен сыйлықтар табыстадым.

         2024 жылдың 22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні» наурыз мерекесіне орай ауылдық клубта концерттік бағдарлама өткізіліп. Ауыл тұрғындары түгелдей қатысып, ауылдық клубта дастархан  әзірленіп, спорттық сайыстар өткізіліп жеңімпаздарға  алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Наурыз мерекесіне «Теңізбай» Ш/Қ басшысы Акбердинов Арман және «Иманбай» Ш/Қ басшысы Ргайтенов Нурлан және әкімшілік демеушілік көрсетті.

        2024 жылдың  7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай округте аймақтық мекемелер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа Үшбиік, Қапанбұлақ, Қызылағаш ауылдық округтерінен келген барлық командалар белсене қатысып жарыс тартысты өтті. Барлық жеңімпаз командалар мадақтамалар мен қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Жарысқа  «Маралды» кемпингінің басшысы Бейсембаев Нұрлан мен «Болашақ» Ш/Қ басшысы Оспанов Асланбек демеушілік көрсетті. .

       9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесі күні Аршалы ауылымызда ескерткішке соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін еске алуға арналған гүл шоқтары қойылып, ауылымыздың тыл еңбеккерлерін мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстадық.

       2024 жылдың 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күні мерекесіне «Санияз» шаруа қожалығының басшысы 70 бүлдіршінді балмұздақ, сок, тәттілермен қуантты. .

2024 жылдың 16 маусым Құрбан айт мерекесіне орай Аршалы ауылдық округінде шағын футболдан аймақтық жарыс ұйымдастырылып «ИнвестГрандСтрой» ЖШС-гі және әкімшіліктің демушілігімен футболдан жарыс өтті. Жарысқа Үшбиік, Қапанбұлақ ауылдық округтері, Жарма кенті және «ИнвестГрандСтрой» ЖШС-нің командалары қатысып, жарыс тартысты өтті. Жиыны сегіз команда қатысып, орын алған командалар кубок, медаль, қаржылай сыйлы қ және Мадақтамалармен марапатталды. Жарысқа демеушілік көрсеткен «ИнвестГрандСтрой» ЖШС-нің директоры Қалымғазы Аянға алғысымызды білдіреміз.

          2024 жылдың  1 қыркүйек  Білім күніне орай  « Мектепке жол» акциясы аясында «Жарма»  ЖШС-гі және әкімшілік тарапынан көп балалы отбасынан 5 оқушыға және алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 сыныпқа баратын 6 балаға арнап мектеп сөмкесі және кеңсе заттары табыс етілді.

         2024 жылдың 7 қыркүйек күні 2004 жылы мектеп бітірген түлектер мен әкімшілктің ұйымдастыруымен Аршалы ауылдық округінде шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа Шар қаласының Сарыарқа ауылынан, Үшбиік, Қалбатау, Ақжал ауылдық округтері және Жарма кенті командалары қатысып, жарыс тартысты өтті. Жиыны сегіз команда қатысып, орын алған командалар кубок, медаль, қаржылай сыйлық және Мадақтамалармен марапатталды. Жарысқа «Диас» кафесінің басшысы Ажыбаев Талғат  және 2004 жылғы түлектер демушілік көрсетті.

          2024 жылдың 1 қазан «Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай Аршалы ауылымыздағы «Болашақ» дәмханасында «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, ақ жаулықты аналарымыз бен ақсақалдарға мерекелік  ақ дастархан жайылып, шағын концертімізді тамашалады .Осы мерекеге «Теңізбай» Ш/Қ басшысы Ақбердинов Арман өз демеушілігін көрсетті.

          2024 жылдың 8 қазан күні ауылымыздың азаматы Саниязов Ерболат және «Казпур» ЖШС- нің ат салысуымен  салынып жатқан мешіттің төбесінің ішкі және сыртқы жағына жылу оқшаулағыш полиуретан материалымен жұмыстар жүргізілді.

        25-қазан Республика күніне орай ауылдық клубта ауыл жастары арасында арасында тоғызқұмалақ ойынынан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар қаржылай сыйлық және мадақтамалармен марапатталды.

        2024 жылдың 28 желтоқсан күні Аршалы ауылымыздың жастар үйінде 0-5 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған «Жаңа жылдық ертеңгілік» атты шырша өткізілді. Жаңа жыл мерекесіне «Жаз» шаруа қожалығының басшысы А. Оспанов қолдау көрсетіп 31 бүлдіршінге сыйлықтар табыстады. Жаңа жыл мерекесінің жақсы өтуі үшін «Ақбастау» шаруа қожалығының басшысы С. Ақбердинов жаңадан шырша әперіп, жастар үйінің жаңа жылдық әшекейленуіне қолдау көрсетті.

         2024 жылдың 31 желтоқсан күні жастар үйінде жылан жылы туғандардың ұйымдастыруымен мерекелік іс шара өткізіліп, ауыл тұрғындарының қатысуымен түрлі ойындар өткізіліп, лоторея билеттері ойнатылып, мереке би кешімен жалғасты.

Дата публикации
16 января 2025