Аршалы ауылдық округі бойынша 2023 жылы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны - 1 отбасы болса, 2024 жылы әлеуметтік көмек алатын отбасылар жоқ, Округ бойынша аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға, жалғыз басты қарттарға, аналарға жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары үнемі көмек көрсетіп тұрады.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай құжаттар негізінде тіркеледі:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжаттың болуы (бар болса).
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оған таңдау арқылы лайықты жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді, сондай-ақ тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жөніндегі қызметтерді береді.
Жұмыс іздеп жүрген адам үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына, ауылдық елді мекендерде тұратындар – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне кемінде бір рет барады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдалмаған жағдайда жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адам ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.