2026 жылдың 19 шілде күні Жаңасемей ауданы, Озерки ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңасемей ауданы, Озерки ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Озерки ауылдық сайлау округі
Озерки ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1582 азамат енгізілді, олардың 609-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны– 31, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 38.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Мақсат Мәкенұлы Брахимов - 207, Жұмағали Нұрқасымұлы Рамазанов – 333.
Озерки ауылдық округінің әкімі болып Жұмағали Нұрқасымұлы Рамазанов сайланды, 1971 жылы туған, жеке кәсіпкер, Семей қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Жаңасемей ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы