Меню

Страницы

Статья

Жер қатынастары бөлімі туралы ақпарат

Жаңасемей ауданының жер ресурстары

Жаңасемей ауданының (Абай облысы) жалпы жер аумағы 2 754 401,0 гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының 473 500 гектар жерін босалқы жерлер санатына ауыстыру есебінен жалпы 1 608 990,8 гектарға ұлғайды.

  • жайылымдар – 1 107 982,2 га;
  • жаңадан бөлінген жайылымдар – 463 200 га;
  • барлығы – 1 571 182,2 га;
  • егістік – 15 236,5 га;
  • тыңайған жерлер – 6 111,9 га;
  • шабындықтар – 6 160,2 га;
  • жаңадан бөлінген шабындықтар – 10 300 га;
  • барлығы – 16 460,2 га.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басым бөлігі шаруашылық құрылымдарының пайдалануында.

Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару

Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Абай облысының Жер қатынастары басқармасы 2026 жылға Жаңасемей ауданы бойынша 14 000 гектар жерді қайтару жоспарын бекітті. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы мақсатындағы 9 048,5404 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспар 64,63%-ға орындалды. Жыл соңына дейін жоспар толық, яғни 100% орындалады.

Сонымен қатар, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе жер заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау мақсатында жалпы ауданы 10 647,87 гектар болатын 20 жер пайдаланушыға қатысты тексеру актілері толтырылып, Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.

Ауыл шаруашылығы жерлерін экономикалық айналымға тарту

Жер учаскелерін алуға ниет білдіруші азаматтардың саны жеткілікті.

2026 жылдың басынан бері Жер қатынастары бөліміне 36 азамат өтінішпен жүгінді.

Конкурстық негізде жер учаскелерін беру үшін 46 жерге орналастыру жобасы дайындалды.

Оның ішінде:

  • көлемі 1000 гектарға дейінгі – 21 жер учаскесі, жалпы ауданы 10 625,3042 гектар;
  • көлемі 1000 гектардан жоғары – 15 жер учаскесі, жалпы ауданы 23 626,0385 гектар.

Жалпы көлемі – 34 251,3427 гектар.

Аталған жер учаскелері бойынша конкурс өткізіліп, жеңімпаздарға берілді.

2026 жылдың 7 айындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы есеп

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына» сәйкес көрсетіледі.

2026 жылғы 1 қаңтардан 9 шілдеге дейін Абай облысы Жаңасемей ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметі бойынша «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының веб-порталы арқылы 226 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Оның ішінде:

  • жеке тұлғаларға – 136;
  • заңды тұлғаларға – 90;
  • қызмет алушылардың бастамасымен кері қайтарылған өтініштер – 21;
  • дәлелді бас тартулар – 44.

Бас тарту себептері – құжаттардың толық ұсынылмауы және өтініште қате мәліметтердің көрсетілуі.

Оның ішінде:

  • жеке тұлғаларға – 37;
  • заңды тұлғаларға – 7.

«Сауда-саттықты (конкурс, аукцион) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі бойынша:

  • 1-кезең – 307 мемлекеттік қызмет;
  • 2-кезең – 112 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша – 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Құндылығы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын құндылығы жоғары алқаптарға ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша – 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Дата публикации
09 июля 2026
Дата обновления
09 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Ақпарат
22 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы