2026 жылғы 19 шілдеде өтетін Жаңасемей ауданы Озерки ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау науқаны шеңберінде, 2026 жылғы 28 маусым сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап, сайлау алдындағы үгіт 28 маусым сағат 18.00-де басталып, 18 шілде сағат 00.00-де аяқталады.
Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін келесі үй-жайлар бөлінді:
Озерки ауылдық клубы, Озерки ауылы, Комсомольская көшесі 29 А.
Сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесін жасайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.