ХАБАРЛАМА
2026 жылдың 28 маусымы күні Жаңасемей ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңасемей ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Ақбұлақ ауылдық сайлау округі
Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 204 азамат енгізілді, олардың 199-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны– 0, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бейбіт Махсұтұлы Ахметов - 11, Бауыржан Берікболұлы Зарлыханов – 12; Нұртай Төлеуұлы Теміржанов – 176.
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Нұртай Төлеуұлы Теміржанов сайланды, 1983 жылы туған, Абай облысы Жаңасемей ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі, Ақбұлақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Жаңасемей ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы