Абай облысы Жаңасемей ауданы Озерки ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2026 жылғы 10 маусымда Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 19 шілдеге Абай облысы, Жаңасемей ауданы, Озерки округі әкімінің сайлауын тағайындады.
2026 жылдың 11 маусымнан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2026 жылдың 23 маусымы жағдай бойынша 4 кандидат ұсынылды. 4 кандидат өзін-өзі ұсынды.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 23 маусымда сағат 18:00-де аяқталды.
Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы