2026 жылғы 28 маусымда өтетін Жаңасемей ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау науқаны шеңберінде, 2026 жылғы 7 маусым сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап, сайлау алдындағы үгіт 7 маусым сағат 18.00-де басталып, 27 маусым сағат 00.00-де аяқталады.
Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін келесі үй-жайлар бөлінді:
Ақбұлақ ауылдық клубы, Ақбұлақ ауылы, Ақбұлақ көшесі 90.
Сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесін жасайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.