Құрылыс саласы
Қазіргі уақытта Приречный ауылында су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба бойынша мердігер ұйым – «ПРОФАЛЬЯНС СЕРВИС» ЖШС. Келісімшарт 2025 жылғы 10 қыркүйекте жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Жоба өтпелі нысан болып табылады. Келісімшарт талаптарына сәйкес жобаны аяқтау 2026 жылға жоспарланып отыр.
2026 жылы Абралы, Ақбұлақ, Алғабас, Талица, Гранитный ауылдарында және Шүлбі кентінде көше жарығын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.