Меню

Страницы

Статья

Жаңасемей ауданы инфрақұрылымын дамытудың қорытындылары мен жоспарлары: абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ ауданның санитариялық жағдайын жақсарту, абаттандыру мен көгалдандыру деңгейін арттыру және халықтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан әкімдігімен 2026 жылғы                27 наурыздағы №83 «Жаңасемей ауданы аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі екі айлықты өткізу туралы» қаулысы қабылданды.

Аталған қаулыға сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуір мен 1 маусым аралығында аудан аумағында елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру және санитариялық жағдайын жақсарту бойынша екі айлық өткізу, сондай-ақ тұрғын үйлердің аулалық аумақтарын, көшелерді, тарихи-мәдени ескерткіштер мен әлеуметтік нысандарды тазарту жөніндегі экологиялық іс-шараларды мамандандырылған техниканы тарта отырып және қоқысты қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына шығару арқылы жүргізу жоспарланған.

2024–2026 жылдарға арналған елді мекендерді көгалдандырудың өңірлік жоспары аясында ағымдағы жылы аудан аумағында 1 500 ағаш-бұта көшеттерін отырғызу жоспарланған.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 272 әкімшілік хаттама толтырылды.  Аталған іс-шаралардың орындалуы жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, 2025 жылғы 24 мамырдан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, есеп жүргізу және тұрғын үйді бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Отбасы банк» акционерлік қоғамына берілді.

2026 жылдың жыл басында 11 пәтер табысталды, оның ішінде: Шүлбі кенті-7, Озерка ауылы-1, Приречное ауылы-1, Мұқыр -2. ( көпбалалы отбасыларға – 6 пәтер, толық емес отбасыларға– 3 пәтер, жетім балаларға – 1 пәтер, жесірлерге -1 пәтер).

2026 жылға 2 пәтерлі 10 тұрғын үй салу жоспарлануда. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 167 адам тіркелген.

Дата публикации
19 мая 2026
Дата обновления
19 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Ақпарат
22 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы