2026 жылғы 17 мамырда өтетін Жаңасемей ауданы Ертіс ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау науқаны шеңберінде, 2026 жылғы 26 сәуір сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап, сайлау алдындағы үгіт 26 сәуір сағат 18.00-де басталып, 16 мамыр сағат 00.00-де аяқталады.
Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін келесі үй-жайлар бөлінді:
Ертіс ауылдық клубы, Мұқыр ауылы, Центральная көшесі 2.
Сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесін жасайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.