2026 жылғы 8 ақпанда Жаңасемей ауданының Айнабұлақ ауылдық округінде әкім сайлауы өтті.
Дауыс беру нәтижелері бойынша Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 45-бабын басшылыққа ала отырып, 10 ақпанда сайланған әкімді тіркеді.
Салтанатты рәсім барысында Жаңасемей ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Серікқалиұлы Әсембаев жаңа әкімге Құрманов Ғазиз Серікұлына қызметтік куәлікті табыс етті.