2026 жылдың 8 ақпанда Жаңасемей ауданы әкімінің сайлауы өтті.
Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының Абай облысы Жаңасемей ауданы Айнабұлақ ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 98 азамат енгізілді, олардың 78 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсымын» жолында белгісі бар – 1.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Б.Б. Зарлыханов– 6; Г.С.Құрманов– 64; А.Е. Тұраров– 5.
Абай облысы Жаңасемей ауданы Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі болып Құрманов Ғазиз Серікұлы сайланды, 1984 жылы туған, Абай облысы Жаңасемей ауданы Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі, Семей қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынылған.
Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы