Меню

Страницы

Статья

Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2025 жылда атқарылған жұмысы туралы АҚПАРАТ

Спорт бойынша

Аудан аумағында орта арнаулы немесе орта кәсіптік білім беретін  мекемелер жоқ.

«Абай облысы Жаңасемей ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11 жаттықтырушы бар.  Жалпы штат саны 24 адам. (Дзюдо, бокс, қазақ күресі, волейбол, қазақ күресі, футбол) тағы басқа секциялар бар).

Қайнар ауылында  Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резервтік спорт мектебі» КММ қарамағындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс жасайды.

Спорт нысанында күрес, дзюдо, волейбол секциялар  ауыл тұрғындарына,  жастарға қызмет көрсетеді.

Шүлбі кентінде спорт кешені ашылды, аталған нысан Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резервтік спорт мектебі» КММ қарамағында. Бірақ қазір күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Ақбұлақ ауылында типтік жоба бойынша спорт зал жұмыс жасайды. Онда ауыл тұрғындарына футболдан және үстел тенисінен күнделікті жаттығулар  және жарыстар  ұйымдастырылады.

Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылдану    жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептерде 16 спорт зал бар, онда 36 дене шынықтыру мұғалімі қызмет жасайды. Жалпы мектепте 2482 оқушы бар.         

Елді мекендердегі шағын футбол алаңдарында бұқаралық спорттық ойындар мен жарыстар тұрақты өтеді.

Мектептерде қазақша күрес, тоғызқұмалақ, үстел тенисі, футбол, волейбол, баскетбол тағы басқа спекциялар  жұмыс жасайды.

Аудан тұрғындарының 8 мыңнан астам адам белсенді салауатты өмір салтымен және спорттық іс-шаралармен қамтылған.

Жыл басынан бері ауылдық округтермен  кенттерде футбол, баскетбол, волейбол, гір тасын көтеру, қол күресі, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлеріне жарыстар өтті.

Қайнар ауылында  ерлер және әйелдер  арасында волейболдан жарыстар ұйымдастырылды.

Алғабас, Новобаженова  ауылдарында  үстел тенисі, арқан тарту, асық ату, гіт тасын көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақтан жарыстар болып, халық қызығушылықпен қатысты.

Мұқыр, Жиенәлі ауылдық округіндегі жастар арасында футболдан жарыстар өтті. Приречный ауылында Каратэ жарысынан мектеп оқушылар арасында облыстық ашық турнир өтті.

Ұлттық мектеп лигасы республикалық кезеңінде Озерки мектебінің 5-6 сынып қыздары жеңіл атлетикадан 2 орын алды.

Абай облысы әкіммінің жүлдесіне арналған «Ақ бидай» ауыл спорты жарыстарына аудан атынан шағын футбол, волейбол, үстел тенис, тоғызқұмалақ, садақ ату, асық ату, басқа да спорт түрлеріне қатысты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында ауданның ауылдық округтерінде шахмат, волейбол, спорттық жарыстар, сондай-ақ «Тоғызқұмалақ», «Бес тас» ұлттық ойындары сияқты спорттық іс-шаралар өткізілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда және жалғасатын болады.

 

Дата публикации
09 февраля 2026
Дата обновления
09 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Ақпарат
22 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы