Меню

Страницы

Статья

Жаңасемей ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 9 айдағы жұмыс қорытындысы туралы ақпарат

Сумен жабдықтау

Мемлекет Басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі халықты 100% ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде биыл Ақбұлақ ауылында сумен жабдықтау желілерін салу жұмыстары аяқталып, ауыл халқы толық ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, Алғабас ауылында су құбыры желілерін және бірінші көтерілімдегі ұңғыманы қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, халыққта таза ауыз су берілді.

Шаған кентінде сумен жабдықтау желілерін салу жұмыстары аяқталып, халыққа таза ауыз су берілді.

Қазіргі уақытта Приречное ауылында су құбырын қайта жаңғырту және Талица ауылында су құбырының құрылысы жүргізілуде. Аталған жобалар 2026 жылға көшіріледі.

Тарифтер

Жаңасемей ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді ауданы мәслихатының 2025 жылғы 21 қазандағы кезекті сессиясында  №21/230-VIII шешімімен бекітілді:

Атауы

Есептік бірлігі

Барлығы  (ҚҚС-сыз тенге)

Барлығы  (ҚҚС-мен тенге)

Жайлы үйлер

Бір тұрғынға айына

432,52

484,42

Жайлы емес үйлер

490,48

549,34

Жеке жіне заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

2675,37

2 996,41

Жарықтаңдыру

2025 жылы облыстық бюджеттен бес елді мекенді жарықтандыруға  бюджеттен қаржы қарастырылып, Прииртышское және Мұқыр ауылдарында көше жарығының құрылысы жүргізілді, Қайнар, Талица және Половинка ауылдарында көше жарықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні аталған нысандар бойынша толық жұмыстар аяқталып, көше жарықтары халықтың пайдаланылуға берілді. 

Дата публикации
18 ноября 2025
Дата обновления
18 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Ақпарат
22 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы