Меню

Страницы

Статья

Жаңасемей ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 9 айдағы жұмыс қорытындысы туралы ақпарат

Абаттандыру және ТҮКШ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ ауданның санитариялық жағдайын жақсарту, абаттандыру мен көгалдандыру деңгейін арттыру және халықтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан әкімдігінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №7 «Ауданның ауылдарында санитарлық  тазалық, абаттандыру және көгалдандыру, бойынша екі айлықты өткізу туралы» және 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №160 «Ауданның ауылдарында санитарлық  тазалық, абаттандыру және көгалдандыру, бойынша екі айлықты өткізу туралы» қаулылары қабылданды.

Аталған қаулыларға сәйкес 2025 жылғы 1 сәуірден 1 маусымға дейін, сондай-ақ 6 қыркүйектен 6 қарашаға дейінгі аралықта аудан аумағында елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру және санитариялық жағдайын жақсарту бойынша екі айлық іс-шаралар өткізілді. Экологиялық іс-шаралар барысында 2 865 тұрғын үй ауласы, 190 көше, 16 тарихи-мәдени ескерткіш және 30 әлеуметтік нысан тазартылды. 13-тен астам рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылды. 212 бірлік арнайы техника тартыла отырып, қоқыс шығарылды.

2024–2026 жылдарға арналған елді мекендерді көгалдандырудың өңірлік жоспары аясында 2025 жылы Жаңасемей ауданында 1000 түп көшет отырғызу жоспары берілді. Бүгінгі таңда жоспар 100 % орындалды. Аудан көлімінде 1 585 түп көшеттер отырғызылды, көктемгі кезеңде- 1 285 түп және күзгі кезенде 300 түп ,оның ішінде пирамидалық терек – 1055 түп, шырша – 215 түп, қарағай – 120 түп, қайың–45 түп, қарағаш – 20 түп,бұталар – 130 түп.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 269 әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған іс-шаралардың өткізілуі жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында тұр.

 

Дата публикации
17 ноября 2025
Дата обновления
18 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Ақпарат
22 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы