Меню

Страницы

Статья

2025 жылы Жаңасемей ауданы оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша

Жаңасемей ауданының білім бөліміне барлығы 17 жалпы білім беретін мектеп қарасты. Оның ішінде 14 мектепте оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Қалған 4 мектепте буфеттік тамақтану ұйымдастырылған, олардың үшеуінде тек буфеттік тамақтану ғана жүргізіледі, яғни ыстық тамақ берілмейді. Бұл мектептер:

  • «Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі» КММ,
  • «Ақбұлақ негізгі жалпы білім беретін мектебі» КММ,
  • «Абыралы негізгі жалпы білім беретін мектебі» КММ.

Ал «Талица негізгі жалпы білім беретін мектебі» КММ-де кейтеринг тәсілімен (тасымалданатын ыстық тамақ) ұйымдастырылған.

2025 жылы Жаңасемей өңірінде бүгінгі күн бойынша барлығы 1183 оқушы тегін тамақпен қамтуға жатады. Оның ішінде:

  • 1–4 сыныптар бойынша ыстық тамақпен 908 оқушы қамтылған.
  • 5–11 сыныптар арасындағы әлеуметтік осал санаттағы (СУСН) балалар саны — 275.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жалпы 143 тәрбиеленуші тегін тамақпен қамтылып келеді. Бұл балалардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, олардың тең мүмкіндікпен сапалы білім мен тәрбиеге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

Дата публикации
17 ноября 2025
Дата обновления
17 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Ақпарат
22 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы