Меню

Страницы

Статья

Жаңасемей ауданындағы білім беру саласының дамуы: 2025 жылғы нәтижелер мен жетістіктер

Ауданымызда барлығы 17 мектеп бар. Оның ішінде 5 мектеп – толыққанды, 12 мектеп – шағын жинақталған, соның ішінде 4 негізгі мектеп бар.

Оқу тілі бойынша:

12 мектеп – қазақ тілінде,

5 мектеп – аралас тілде білім береді.

Биылғы  оқу жылында аудан мектептерінде 0-11 сыныптарда жалпы -  2719 оқушы білім алуда. Оның ішінде 11-сынып оқушылары – 127. Өткен оқу жылында мектепті үздік аяқтап, үздік аттестат алушылар саны – 13, ал «Алтын белгі» иегерлері – 3 оқушы. ҰБТ бойынша ең жоғары көрсеткіш – 127 балл. 9 сыныпты 245 оқушы аяқтаса, оның ішінде 22 оқушы үздік, колледжге тапсыратын оқушылар саны -106. Аудан мектептері 2024-2025 оқу жылын 67% білім сапасымен аяқтаса, осы оқу жылының І тоқсанындағы білім сапасының көрсеткіші – 62%.  

2025 жылдың маусым айындағы мәлімет бойынша Республикалық пән аралық олимпиадалар бойынша облыстық кезеңге 75 оқушы қатысып, 18 бала облыстан орын алды, республикалық кезеңге 2 бала қатысып келді. Облыс деңгейінде әр түрлі байқауларға 29 оқушы қатысып, облыс жүлдегерлері атанып отыр. Ұстаздар арасында өткен байқау және олимпиадалардың облыстық кезеңінеге 6 қатысып, 2 ұстаз республикаға жолдама алды.

2025 жылдың қазан айына жасалған қорытынды есепке сәйкес,  қыркүйек-қазан айларында ұйымдастырылып жатқан олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауына барлығы 651 оқушы қатысып, облысқа 29 оқушы жолдама алып отыр.

Бұл – ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен оқушылардың табанды ізденісінің нәтижесі деп білеміз.

Жаңасемей ауданы мектептерінде “PISA-2025” халықаралық зерттеуі және ББМЖ тестілеуі өткізілді. 2025 жылғы 17 сәуірде Жаңасемей ауданы бойынша “PISA-2025” халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі “Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де сәтті өтті. Зерттеу Қазақстанның білім сапасын халықаралық деңгейде бағалау мақсатында жүргізілуде.

Ал 24-30 сәуір аралығында ауданның бес мектебінде ББМЖ (білім беруді бағалаудың мониторингтік жүйесі) шеңберінде тестілеулер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, “Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ, “Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ, “А.Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ, “Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі” КММ және “Б.Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ оқушылары аталған бағалау рәсімдеріне қатысты.

Тестілеу процестері барлық санитарлық-қауіпсіздік талаптарына сай, ұйымшылдықпен өтті. ББМЖ тестілеуінің қорытынды нәтижелері 2025 жылдың соңында жарияланса, “PISA-2025” халықаралық зерттеуінің нәтижелері екі жылдан кейін, яғни 2027 жылы белгілі болады.

Аталған зерттеулер аудан мектептеріндегі оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен білім сапасын саралап, алдағы даму бағыттарын айқындауға ықпал етпек.  

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 27 желтоқсандағы № 487-VI «Педагог мәртебесі туралы» Заңы және ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» заңына сәйкес, 2025 жылы Жаңасемей ауданы бойынша педагогтерді кезекті және мерзімінен бұрын аттестаттау жұмыстары жүргізілді.

Аттестаттауға қатысуға 99 педагог өтініш білдірді. Олардың ішінде 30 жылдан астам педагогикалық еңбек өтілі бар 8 педагог ҚР нормативтік актілеріне сәйкес тестілеуден босатылды (7,7%).

Жалпы көрсеткіш бойынша, өтініш білдірген 99 педагогтің 72%-ы (71 педагог) біліктілік талаптарына сәйкес деп танылды.

Аттестаттаудан өту көрсеткіші педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілгенін көрсетеді. Сонымен қатар, біліктілік талаптарына сәйкес келмеген педагогтермен алдағы уақытта әдістемелік қолдау шараларын күшейту қажет. Тестілеуден босатылған жоғары тәжірибелі педагогтердің үлесі де еңбек өтілінің білім сапасына әсер ететін маңызды фактор екенін айқындайды.

Аудан педагогтерінің сапалық құрамы төмендегідей:

Аудан педагогтерінің 38 %-ы педагог-модератор, 22 %-ы педагог-сарапшы, 15%-ы педагог-зерттеуші санатындағы педагогтер болса, 25%-ы бейсанатты педагогтер.

2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша екі мектеп  Түрксіб және Приречное мектептері күрделі жөндеуге енгізіліп жалпы құны 312313,35 млн/теңге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы оқу жылында жаңа модификациялық үш кабинет алынды атап айтсақ «Озерки ЖОББМ» КММ – не лингофон  кабинеті жалпы құны - 8000000 млн/теңге, «Бұлақ ЖОББМ» КММ - не лигофон кабинеті жалпы құны - 8000000 млн/теңге, «Бөкенші ЖОББМ» КММ – не биология жалпы құны - 8000000 млн/теңге кабинеттерімен жабдықталды.  «Знаменка ЖОББМ» КММ – не ағымдағы жөндеуге жалпы құны – 60.179  млн/теңге, бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.  «Быхин ат. ЖОББМ» КММ – не оқушыларды тасымалдау мақсатында 1- газель авто көлігімен  қамтамасыз етілді.

Дата публикации
17 ноября 2025
Дата обновления
17 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Ақпарат
22 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы