Өнеркәсіп:
Жаңасемей ауданы бойынша 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 168 318,4 млн. теңгеге немесе 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (118 885 млн. теңге) 141,8% (НКИ-101,4%) құрады.
- өңдеу өнеркәсібі – 142 509,0 млн. теңге (НКИ – 105,1%) (2024 жылы – 83 266,6 млн. теңге). Өсу қарқыны 171,1%.
- тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 26 109,4 млн. теңгені (НКИ – 98,4%), (2024 жылғы қаңтар-қыркүйек – 28 665,5 млн.теңге) құрады. Өсу қарқыны 91,1%.
Себебі:
«Қаражыра» ЖШС көрсеткіштерін Жаңасемей ауданына беруден бас тартты, сол себепті өндіру көлемі белгісіз.
«Фикалел» ЖШС-нің жазған хатына сәйкес тау кен өнімін өндіру көлемі азайған.
Жылдық жоспар тапсырмаға кәсіпкерлік басқармасымен түзетулер енгізіліп, 51 434,5 млн. теңгеге азайтылды.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 17 191,4 млн.теңге, НКИ– 101,0% (2024 жылғы қаңтар-қыркүйек – 5 396,2 млн. теңге). Өсу қарқыны 318,6 %
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі қаңтар-тамыз айына жоспар-тапсырма 0,0 млн. теңге, орындалғаны 91,1 млн. теңге, қаңтар-қыркүйек айына 117,1 млн. теңге. Жылдық жоспар 1,8 млрд. теңге болған, қазіргі уақытта кәсіпкерлік басқармасымен түзетулер енгізіліп, 201,0 млн. теңгеге өзгертілді.
Жаңасемей ауданы бойынша көтерме сауда респонденттері жоқ. Алайда, басқарма тарапынан 310,0 млн. теңге жоспар қойылып отыр.
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 643 бірлікті құрады.
Ауыл шаруашылығы:
2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 25 338,2 млн.теңгені, нақты көлем индексі – 109,2% (2024 жылғы қаңтар-қыркүйек – 13 113,3 млн. теңге). Өсу қарқыны 193,2%.
Жаңасемей ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 1 112 678,8 га жайылымдық, 6 113,4 га шабындық, 15 351,5 га егіс алқабы тіркелген.
Аудан бойынша егін және мал шаруашылығымен 505 шаруашылық құрылымдары айналысады.
Ірі ауылшаруашылық кәсіпорындары: «Агрофирма Приречное» ЖШС, «Қайнар-Агро» ш/қ, «Серімхан» ш/қ. Барлығы а/ш саны - 505, оның ішінде мал шаруашылығы - 455, өсімдік шаруашылығы – 50.
Өсімдік шаруашылығы:
Ағымдағы жылы сұлы алқабы 41 га, дәндік жүгері 242 га майлы дақылдар алаңы 6402 га, көкөніс-бақша дақылдары 372 га,жем-шөп алаңы 6 535,5 га және әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылық дақылы ретінде картоп алаңы 1307 га егілді. Жиыны 14899,5 га игерілді.
Минералды тыңайтқыштарды енгізу бойынша ағымдағы жылға жоспар 1720 тоннаны құрады.
Ағымдағы жылы машина-трактор паркінің нақты жаңару жоспары 100% құрайды. Бүгінгі таңда 39 бірлік (21 трактор және 18 ауыл шаруашылық қондырғылары) техника сатып алынды. (аудан бойынша сатып алынған 21 трактор, оның ішінде 17 трактор тіркеуден өтіп, 4 трактор (Ақбұлақ, Достық, Көкентау, Алғабас а/о ) тіркелмеу себебі - 2025 жылдың 1-қыркүйегінен Ауыл шаруашылығы Министлігінің бұйрығына өзгеріс енгізілуіне байланысты бұйрықтың жаңа 24.10.2025 жылғы нұсқасын күтуде). Жалпы аудан бойынша бүгінгі күні 1214 ауыл шаруашылығы техникалары мен қондырғылары тіркелген.
Мал шаруашылығы:
Өндірілген өнім көлемі:
Мал басының азаюы төл басының межеден төмен болуы, нарықта ет өнімінің (сиыр, қой еті) қымбаттауына байланысты малдың сатылуы, жем-шөптің қымбаттауына байланысты болып отыр.
Аудан бойынша асыл тұқымды ірі қара мал 7905 бас, асыл тұқымды Ангус, Әулиекөл, Қазақ - ақбас тұқымдарын өсірумен 34 шаруашылық айналысады.
Қазақтың құйрықты қылшық жүнді асыл тұқымды қойларын өсірумен 15 шаруашылық айналысады. Мал саны 8946 бас.
Асыл тұқымды жылқыны қазақ жәбесін 7 шаруашылық өсіреді, жылқы саны 2960 бас.
АӨК-ке тартылған инвестициялардың жоспарланған көлемі 2055,0 млн. теңге, бүгінгі күні 1 169,2 млн. теңге орындалды.