Меню

Страницы

Статья

Спорт бөлімінің 2025 жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы ақпарат

Аудан аумағында орта арнаулы немесе орта кәсіптік білім беретін  мекемелер  жоқ. 

«Абай облысы Жаңасемей ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  11 жаттықтырушы бар.  Жалпы штат саны 24 адам. (Дзюдо, бокс, қазақ күресі, волейбол, қазақ күресі, футбол) тағы басқа секциялар бар).

Аудан бойынша 4 спорт нысаны бар: 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 спорт манежі және 1 типтік спорт залы.

Қайнар ауылында «Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резервтік спорт мектебі» КММ-не қарасты дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар.

Шүлбі кентінде де осы мекеме қарамағындағы спорт манежі бар.

Алғабас ауылында спорт кешені өзара ынтымақтастық туралы меморандум шегінде сатып алынып, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қарамағына берілген.

Ақбұлақ ауылында типтік жоба бойынша спорт залы жұмыс істейді.

Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептерде 16 спорт зал бар, онда 36 дене шынықтыру мұғалімі қызмет жасайды. Жалпы мектепте 2482 оқушы бар.       

Елді мекендердегі 14 шағын футбол алаңдары бар, оларда  бұқаралық спорттық ойындар мен жарыстар тұрақты өтеді.

Мектептерде қазақша күрес, тоғызқұмалақ, үстел тенисі, футбол, волейбол, баскетбол тағы басқа секциялар  жұмыс жасайды.

Аудан тұрғындарының   8 мыңнан астам адам белсенді салауатты өмір салтымен және спорттық іс-шаралармен қамтылған.

Жыл басынан бері ауылдық округтер мен кенттерде 100-ден астам спорттық іс-шаралар өтті. Футбол, баскетбол, волейбол, гір тасын көтеру, қол күресі, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлеріне жарыстар өтті.

Алғабас, Новобаженова  ауылдарында  үстел тенисі, арқан тарту, асық ату, гір тасын көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақтан жарыстар өткізілді.

Ертіс, Жиенәлі  ауылдық округіндегі  жастар арасында  футболдан   жарыстар өтті.

Приречное ауылдық округінде баскетболдан ауыл кубогы өтті. Жарысқа әртүрлі мекемелерден құралған 4 команда қатысты.

Прииртышское ауылында волейболдан «Прииртышское ауылы кубогы» үшін жарыс өтті. Тартысты сайысқа әр түрлі жастағы 5 команда қатысты.

Қайнар ауылында мекемелер арасында Ұлы Отан соғысына 80 жыл толуына орай волейболдан жарыс ұйымдастырылды.

Достық ауылдық округінде Ауған соғысына қатысқан Қалибек Ахметов пен Талғат Ельшибаевты еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Шараға Жаңасемей ауданына қарасты ауылдық округтердің және Семей, Курчатов қалаларының, сондай-ақ Абай ауданының командалары қатысты.

Шақаман ауылында Кёкушинкай каратэден жолдастық кездесу өтті. Жарысқа 35 спортшы қатысты.

2025 жылдың 21 наурыз күні Павлодар қаласында Каратэ-до Кёкушинкайдан Павлодар қаласының ашық чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Астана, Семей, Көкшетау, Қарағанды, Аршалы, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан 300-ден астам спортшы қатысты. Жаңасемей ауданы, Приречное ауылының дарынды спортшысы Мокренко Динис өзінің шеберлігі мен қайсарлығын көрсетіп, алтын медаль иеленіп, чемпионаттың жеңімпазы атанды.

2025 жылдың 19-20 сәуір күндері Абай облысы, Жаңасемей ауданы әкімшілігінің және Абай облысының каратэ-до кёкушинкай федерациясының қолдауымен, Приречное ауылында каратэ-до кёкушинкайдан алғашқы мәрте аудан чемпионаты өтті. Павлодар, Ақсу, Аягөз және Семей қалаларынан 100-ден аса татами шеберлері бақтарын сынады.

Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған «Ақ бидай» ауыл спорты жарыстарына аудан атынан шағын футбол, волейбол, үстел тенис, тоғызқұмалақ, садақ ату, асық ату, басқа да спорт түрлеріне спортшылар қатысты.

25 қазан – Республика күніне орай Жаңасемей ауданы жастары арасында волейболдан аудандық жарыс өтті. Жарысқа ауданның ауылдық округтерінен келген жас спортшылар қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсетті.

Барлық өткізілген спорттық жарыстар әлеуметтік желілерге тұрақты жариялануда.

Дата публикации
17 ноября 2025
Дата обновления
17 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Ақпарат
22 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы