Ішкі саясат бойынша.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жолдауындағы іс-шаралары жүзеге асыру үшін күнделікті ауылдық округтармен іс-шаралар жоспары жасалып, атқарылған жұмыстар әлеуметтік желіде тұрақты жарияланып келеді.
Жолдауды ауылдық-округтермен кенттерде түсіндіру үшін ақпараттық-үгіт насихат тобы құрылды.
Сонымен қатар, ауданымыздағы ауылдық округ және кент тұрғындары арасында, ауданның қоғамдық-саяси ахуалы бақылауға алынып, қажет болғанда тиісі жұмыстар атқарылып келеді.
Ауданның Қоғамдық кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі және «Жаңасемей жастары» жастар орталығы құрылып, жұмыстарын жалғастыруда.
Қазақстан халықының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс мейрамы, Рәміздер күні, Астана күні және басқа да мемлекеттік мерекелеріне арналған іс-шаралар тұрақты өтуде.
Ауылдық округ және кенттерде клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен еріктілер тобы әр санаттағы қарттарымызға, жалғызбасты аналарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолұшын созуда.
Атап айтсақ, еріктілер «Ардагерлерді ардақтайық», «Жүректен - жүрекке», «Жақсылық жасап жарысайық» акцияларына белсене атсалысуда.
Клуб және кітапханалардың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз» және «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында атты дөңгелек үстел және ақпараттық сағаттар өтті.
Жаңасемей ауданында этносаралық ахуал тұрақты және этностардың жинақы тұратын орындары жоқ.
Қоғамдық-саяси ахуал мен жекелеген инциденттердің салдарын мониторингтеу шеңберінде этносаралық қақтығыстар тіркелмеді.
Дін мәселелері бойынша.
Жаңасемей ауданы әкімі жанындағы дін мәселелері бойынша ақпаратық- түсіндіру топ құрылды. Ақпараттық-топ құрамы 13 адам.
Құрамында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, аудандық мешіттің имамдары, дінтану және психолог мамандары, жастар енгізілген.
Деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша Абай облысы бойынша Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Мақсат Өмірхановтың қатысуымен Озерки, Новобаженово, Ертіс, Жиенәлі, Достық ауылдық округтерінде және Шүлбі, Шаған кенттерінде мектеп ұстаздары, ата-аналар және жоғары сынып оқушыларымен «Интернет желісіндегі күмәнді сайттардың қаупі», «Рухани келісім қоғамның басты құндылығы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
«Дін діңгек» және «Нашақорлыққа жол жоқ» және басқа да тақырыптарда дөңгелек үстел және ақпараттық сағаттар өтті.
Қазір ауданда діни ахуал тұрақты, ресми мекемелерде тіркелген 10 мешіт және 2 шіркеу өз жұмыстарын заң аясында атқарып келеді
Мәдениет және тілдерді дамыту бойынша.
Жаңасемей ауданы бойынша аталған мерекелік күндерді ұйымдастыру және өткізу іс-шаралары жоспар бойынша өтеді.
Жоспар бойынша бірінші ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар, екінші қоғамдық маңызы бар бұқаралық іс-шаралар, үшінші ақпараттық түсіндіру жұмыстарының бағыттары бойынша ұйымдастырылады.
Жыл басына бері аталған мерекелерге қатысты аудандық мәдениет үйінің және кітапханалардың ұйымдастыруымен ауқымда 200-ден астам мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтті, оның ішінде конкурстар мен фестивальдар, концерттік бағдарламалар, тақырыптық көрмелер өткізілді. Қамтылған адам саны 6500.
1 мамыр Қазақстан халықының бірлігі күнінде Шүлбі кентінде аудандық концерттік бағдарлама және мәдени бұқаралық іс-шаралар өткізілді.
Бұл күні басқа ұлттың өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын және концерттік бағдарламаларын ұсынды. Сонымен қатар аудандағы барлық елді мекендерде мәдени бұқаралық іс шаралар жоспар бойынша өтті.
9 мамыр мерекелік күні Новобаженова ауылында өтті. Бұл күні Кеңес одағының батыры Әйткеш Ибраевтың бюстіне және басқа да тұлғалар орналасқан алеяға гүл шоқтары қойылып, батырлар рухына тағзым етілді.
Сонымен қатар 7-9 мамыр күндері аудан бойынша әскери-патриоттық шаралар, ескертікіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі, спорттық сайыстар және түрлі мәдени бағдарламалар өткізілді.
Тыл ардагерлерін аудан басшылығы құттықтап, естелік сыйлықтар табысталды.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына байланысты жыл басынан бері клубтар мен кітапханаларда дөңгелек үстел, тақырыптық көрме, концерттік бағдарламалар өтті.
Аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ауданда аудандық мәдениет үйі, Қайнар ауылының мәдениет үйі және екі кітапхана, жастар орталығы бар.
Жаңасемей ауданының мәдениет үйінің ұйымдастыру мен ауылдық клубтар арасында Жаңасемей аудандық көркемөнерпаздар байқауына жастар белсенді қатысты.
Аудандық көркемөнерпаздар байқауының қорытынды концерті 27 мамыр Семей қалалық мәдениет сарайында өткізілді.
Бұл байқауға өз өнерлерімен оза шапқан ауылдық клубтар арасынан Бас жүлде иеленген Алғабас ауылдық клубы Алғыс хат пен бағалы сыйлықпен марапатталды және 1 орынды Қайнар мәдениет үйі алса, 2 орынды Мұқыр ауылдық клубы қанжығасына байлады, 3 орынды Шүлбі кентінің клубы жеңіп алды барлық орын алған клубтар бағалы сыйлықтар және Алғыс хаттармен марапатталды.
Аудан жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудандық «Теңбіл доп» атты футзалдан турнир, «Дені сау ұлт» тартылудан жарыстар, мәдени бұқаралық ашық микрофон ұйымдастырылды.
Жастарды табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға баулу мақсатында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастар сенбілігі тұрақты ұйымдастырылды. «Мөлдір бұлақ», «Таза өлке», «Таза жағалау» атты акциялары өтті.
Биылғы жылы облыстық «Қозы Көрпеш Баян сұлу» ғашықтар байқауында ауданымыздан қатысқан жастар 3-ші орынға ие болды.
2025 жылғы 30 тамыз күні Жаңасемей ауданында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Шараға аудан басшылығы, мәслихат депутаттары, ардагерлер, білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласының өкілдері, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты. Салтанатты жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.